Күнтізбе

Ерлер Ұлттық лигасының VI турына превью

Ерлер Ұлттық лигасының VI турына превью

Турнир кестесінің көшбасшысы «Буревестник» алдағы турда ойын өткізбейді. Бұл қалған командалар үшін алматылықтарға жақындауға тамаша мүмкіндік.

Қазіргі уақытта «Окжетпес» пен «Атырау» 17 ұпайдан жинап, Марат Иманғалиевтің командасынан 7 ұпайға қалып отыр. Ал үздік төрттікті 14 ұпай жинаған «Жетісу» түйіндейді.

«Berel» – «Актобе»

Өскемен қаласы, «Жекпе-Жек» спорт сарайы

26 қараша, 18:00; 27 қараша, 18:00

«Berel» лигадағы ең жас құрамға ие және әзірге он матчта бір ғана жеңіске жетті. Бұл жолы команда «Актобені» қабылдайды. Ақтөбеліктер сегіз ойын өткізіп, оның жартысында жеңіске жеткен. Сонымен қатар, Сергей Трикоздың командасы алдыңғы екі турда төрт бес сеттен тұратын матч өткізді.

«Окжетпес» – «Quanysh»

Көкшетау қаласы, «Көкше Арена» спорт кешені

26 қараша, 19:00; 27 қараша, 19:00

Көкшетау командасы осы маусымда сегіз ойын өткізіп, турнир кестесінде екінші орында тұр. Ертең «Окжетпес» алғаш рет өз алаңында ойнайды және ұпай қорын толықтыруға жақсы мүмкіндігі бар.

Петропавл клубы да сегіз матч өткізгенімен, тек екі рет жеңіске жетті.

«Жетісу» – «Атырау»

Талдықорған қаласы, «Жастар» спорт сарайы

26 қараша, 18:00; 27 қараша, 18:00

Қазақстанның қазіргі чемпионы өткен аптада Үндістанда CAVA Men's Volleyball League 2026 турнирінде өнер көрсетті. Елге оралған «Жетісу» волейболшылары Ұлттық лиганың өткен маусымындағы қола жүлдегерін өз алаңында қабылдайды.

«Атырау» он матчтан кейін лигада үшінші орында тұр. «Жетісу» үш ұпайға қалып, келесі орынға орналасқан, алайда талдықорғандықтардың қорда екі ойын бар.

«Тараз» – «Жайық»

Тараз қаласы, «Тараз-Арена» спорт кешені

26 қараша, 18:00; 27 қараша, 18:00

«Жайық» Ұлттық лиганың басқа командаларына қарағанда небәрі алты ойын өткізді. Соған қарамастан, төрт жеңістің арқасында Виктор Козиктің командасы 12 ұпай жинап, осы турдың қорытындысы бойынша үздік үштікке кіруге теориялық мүмкіндігі бар.

Ал алаң иелері қатарынан үш рет жеңіліске ұшырады және өз жанкүйерлері алдында реабилитация жасап, жеңіске жетуге бар күшін салатыны сөзсіз.

Қазақстан Ұлттық волейбол федерациясы волейболды дамытуға және Қазақстанда ірі спорттық іс-шараларды өткізуге қолдау көрсетіп келе жатқан бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ және серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорына алғыс білдіреді.

Үнемі бізбен
бірге болыңыз
Қосымшаны жүкте
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамұрық-ҚазынаSport QoryFreedom travelqsport