Күнтізбе

Қазақстан 2027 жылғы қыздар арасындағы U19 әлем чемпионатын қабылдайды

Қазақстан 2027 жылғы қыздар арасындағы U19 әлем чемпионатын қабылдайды

Астана, Қазақстан | 2027 жылғы 5–15 тамыз

2027 жылғы 5–15 тамыз аралығында Астана қаласында волейболдан қыздар арасындағы U19 әлем чемпионаты өтеді. Халықаралық жарысқа 24 ұлттық құрама қатысып, 52 матчта әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Чемпионат әлемнің ең талантты жас волейболшыларына өз шеберліктерін көрсетуге, мықты қарсыластармен бәсекеге түсіп, халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қазақстандық жанкүйерлер әлемдік деңгейдегі жас спортшылардың ойындарын тамашалай алады.

U19 әлем чемпионаты жас спортшылардың кәсіби дамуы мен ересектер арасындағы жоғары деңгейдегі жарыстарға дайындалуында маңызды кезең саналады.

Астана әлемнің үздік жас волейболшыларын және халықаралық волейбол қауымдастығын қарсы алуға дайын.

Үнемі бізбен
бірге болыңыз
Қосымшаны жүкте
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамұрық-ҚазынаSport QoryFreedom travelqsport