Күнтізбе

IV турдың алдын ала шолуы: Ерлер Ұлттық лигасы

IV турдың алдын ала шолуы: Ерлер Ұлттық лигасы

8 және 9 қараша күндері Қазақстанның төрт қаласында өтетін сегіз матч Ұлттық лиганың тұрақты чемпионатын жалғастырады. Бұл жолы тоғыз клубтың ішінен «Тараз» демалады.

«Атырау» – «Quanysh»

Атырау қ., «IDA Arena» спорт кешені

8 қараша, 17:00 | 9 қараша, 17:00

Өткен турда «Оқжетпеспен» өткен екі матчта алаң иелері небәрі бір ұпай жинады. Лигадағы қазіргі алтыншы орын да атыраулық жанкүйерлерді қуанта алмайтыны анық. Сондықтан Игорь Никольченко шәкірттерінің жеңіске деген ынтасы мен реванш алуға деген жігері жоғары болмақ. «Quanysh» волейболшылары үшін де оңай болмайды: маусымдағы төрт ойынның тек біреуінде жеңіске жеткен солтүстікқазақстандық клуб енді Атырауда қонақта ойнайды.

«Буревестник» – «Жетісу»

Алматы қ., «Чемпиондар» спорт кешені («Достық»)

8 қараша, 18:00 | 9 қараша, 19:00

Чемпионат көшбасшысы мен қазіргі чемпионның кездесуі әрдайым ерекше қызығушылық тудырады. Алматы клубы үшін «Жетісумен» өтетін алдағы ойындар жақын қуғыншылардан алшақтауға тамаша мүмкіндік. «Оқжетпес» екінші орында және «Буревестниктен» үш ұпайға қалып келеді, ал талдықорғандықтар үшінші орында. «Буревестник» пен «Жетісу» арасындағы алты ұпайлық айырмашылық Марат Адрышев шәкірттеріне қосымша мотивация болуы тиіс.

«Ақтөбе» – «Оқжетпес»

Ақтөбе қ., «Алихан» спорт кешені

8 қараша, 19:00 | 9 қараша, 19:00

Сергей Трикоз командасы өткен турды өткізіп алды. Енді олардың алаңына ойын қарқынын күшейткен көкшетаулықтар келеді. «Ақтөбенің» жеңістері мен жеңілістерінің арақатынасы әзірге тең – 2:2. Ал «Оқжетпес» осы маусымда алты ойын өткізіп, тек бір рет жеңіліс тапты. Ақтөбеліктер «көкшеліктердің» статистикасын бұзып, тұрақты чемпионаттағы жағдайын жақсартуға қарсы болмасы анық.

«Жайық» – «Berel»

Орал қ., «Жайық Арена»

8 қараша, 19:00 | 9 қараша, 19:00

Алматыдағы екі жеңілістен бастаған оралдық команда төртінші турдан кейін теориялық тұрғыда турнир кестесінде үшінші орынға көтерілуі мүмкін. Әрине, бәрі олардың қолында емес, бірақ мұндай мүмкіндік бар. Өткен турда «Буревестниктен» қонақта бір ұпай алып, сенсация жасаған Рафаиль Гилязутдиновтің жас командасы бұл болжамдарға өзіндік жауап беруге дайын екені анық.

Үнемі бізбен
бірге болыңыз
Қосымшаны жүкте
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамұрық-ҚазынаSport QoryFreedom travelqsport