Күнтізбе

Ерлер арасындағы Ұлттық лиганың үшінші турына шолу

Ерлер арасындағы Ұлттық лиганың үшінші турына шолу

3-4 қараша күндері Қазақстанның төрт қаласында ерлер арасындағы Ұлттық лиганың тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті матчтар өтеді.

«Атырау» – «Оқжетпес»

Атырау қаласы, «IDA Arena» спорт кешені

3 қараша – 18:00, 4 қараша – 17:00

Атыраулық волейболшылар осы маусымда алғаш рет өз жанкүйерлері алдында ойын өткізеді. Игорь Никольченконың командасы Алматы мен Жамбыл облысына жасаған сапарларынан кейін әзірге бес ұпай жинап, лигада төртінші орында тұр.

«Оқжетпес» бірінші турда Талдықорғанда үш ұпай еншілесе, кейін Өскеменде барлық мүмкін ұпайды жинап, тоғыз ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

«Жайық» – «Quanysh»

Орал қаласы, «Жайық Арена»

3 қараша – 19:00, 4 қараша – 19:00

«Жайық» бірінші турда ойын өткізбесе, екінші турда Алматыдағы «Буревестникке» қарсы екі матчта да жеңіліс тапты. «Quanysh» командасы да әзірге екі ойын ғана өткізді. Солтүстік Қазақстан клубы маусым басында Өскеменде төрт ұпай жинап, екінші турда ойнаған жоқ. Енді петропавлдық волейболшылар әзірге бірде-бір ұпай жинай алмаған, Қазақстан чемпионатының қазіргі қола жүлдегері командамен қонақта кездеседі.

«Буревестник» – «Berel»

Алматы қаласы, «Чемпионы» спорт кешені («Достық»)

3 қараша – 19:00, 4 қараша – 19:00

Марат Иманғалиевтің командасы үшінші тур қатарынан өз алаңында ойын өткізеді. Алматы клубы әзірге бірде-бір рет сүрінбей, төрт матчтан кейін 12 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр.

Рафаиль Гилязутдиновтің шәкірттері маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы ойындарын өткізеді. «Berel» алғашқы екі турда «Quanysh» клубымен өткен алғашқы матчта екі ұпай жинады.

«Тараз» – «Жетісу»

Қаратау қаласы, №31 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

3 қараша – 18:00, 4 қараша – 18:00

Қазақстанның қазіргі чемпионы Қаратауға аттанады. Мұнда «Тараз» екінші тур қатарынан үй матчтарын өткізеді. Екі клуб та маусымның басталуын сәтті деп бағалай алмайды. Талдықорған клубы төрт матчта жеті ұпай жинап, қазіргі уақытта үшінші орында тұр. Ал Юрий Башкатовтың командасы төрт ұпаймен және бір ғана жеңіспен турнир кестесінің жетінші сатысында орналасқан.

Үнемі бізбен
бірге болыңыз
Қосымшаны жүкте
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамұрық-ҚазынаSport QoryFreedom travelqsport