Күнтізбе

Қазақстандықтар ЮОИ плей-офф кезеңінде!

Қазақстандықтар ЮОИ плей-офф кезеңінде!
Қазақстандық жағажай волейболшылары Оразалы Сағыныш пен Алихан Ағабек Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының топтық кезеңінен сәтті өтті.

Топтық кезеңнің соңғы матчында қазақстандықтар Австралия өкілдері Райан Эдгар және Томас Тёрнермен кездесті. Кездесу 0:2 (15:21, 16:21) есебімен командамыздың жеңілісімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топта екінші орын алып, Олимпиада турнирінің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Жасөспірімдер Олимпиадасының 1/8 финалындағы қарсыластар кейінірек анықталады.
Үнемі бізбен
бірге болыңыз
Қосымшаны жүкте
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамұрық-ҚазынаSport QoryFreedom travelqsport