Күнтізбе

Әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың III турының екінші ойын күнінің нәтижелері

Әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың III турының екінші ойын күнінің нәтижелері

«Қарағанды» – «Тұран» 0:3 (18:25, 22:25, 19:25)

Теміртауда өткен III турдың екінші кездесуі қонақ команданың үш партиядағы жеңісімен аяқталды.

Бұл жолы Түркістан волейболшылары алаң иелеріне екінші күн қатарынан жеңілуге жол бермей, кешегі жеңілісі үшін қарымта қайтарды.

14–15 қараша күндері өтетін әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың IV турында «Қарағанды» өз алаңында «Буревестник» командасын қабылдайды, ал «Тұран» «Quanysh» волейбол клубының алаңында қонақта ойнайды.

«Ertis» – «Буревестник» 1:3 (14:25, 25:20, 9:25, 22:25)

III турдың қарымта кездесуінде павлодарлық команда алматылық қонақтардан бір партия ұтып алды. Алайда Евгений Николаевтың шәкірттері ұпай жинай алмады.

14–15 қарашада өтетін келесі турда «Ertis» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды, ал «Буревестник» Теміртауға барып, «Қарағандымен» кездеседі.

«Ақтөбе» – «Berel» 0:3 (18:25, 15:25, 18:25)

Ақтөбелік волейболшылар бұл жолы да жеңіске жеткен партиялар есебіндегі нөлді өзгерте алмады.

Шығыс Қазақстан облысының клубы ойын барысын толық бақылауда ұстап, алаң иелеріне қарсылық көрсетуге мүмкіндік бермеді және үш партияда сенімді жеңіске жетті.

14–15 қараша күндері өтетін IV турда «Ақтөбе» Павлодарға барады, ал «Berel» мен «Жетісу» Талдықорғанда турдың басты кездесуін өткізеді.

Еске сала кетейік, «Жетісу» мен «Quanysh» III тур аясындағы өзара матчтарын 27–28 қазан күндері өткізген болатын.

Үнемі бізбен
бірге болыңыз
Қосымшаны жүкте
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамұрық-ҚазынаSport QoryFreedom travelqsport