Әлихан мен Оразалы Дакардағы екінші жеңісіне жетті

Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңістеріне қол жеткізді.
Топтық кезеңнің екінші матчында жас жағажай волейболшыларымыз Гана құрамасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Кеше спортшыларымыз Сауд Арабиясының жұбын да дәл осындай есеппен ұтқан болатын.
Бүгін Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш Австралия құрамасына қарсы ойнайды.








































