Күнтізбе

Әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың III турының бірінші күнінің нәтижелері

Әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың III турының бірінші күнінің нәтижелері

«Қарағанды» – «Тұран» 3:1 (25:17, 22:25, 25:20, 25:19)

Теміртауда әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың III турындағы алғашқы матч күтпеген нәтижемен аяқталды. Нұрлан Садықовтың командасы Қазақстан Кубогының қазіргі иегерін төрт партияда жеңіп, осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Ертең командалар екінші рет кездеседі. Матчтың басталуы – 16:00.

«Ertis» – «Буревестник» 0:3 (20:25, 21:25, 26:28)

Павлодарлық жас команда өз алаңында тәжірибелі алматылық волейболшыларға лайықты қарсылық көрсете алмады.

Үшінші партиядағы тартысты ойын ертеңгі матчта командалар үш партиямен шектелмейді деген үміт ұялатады.

Ертеңгі ойынның басталуы – 17:00.

«Ақтөбе» – «Berel» 0:3 (22:25, 23:25, 21:25)

Ақтөбе клубы әлі күнге дейін бірде-бір партияда жеңіске жете алмай келеді.

Бүгін жергілікті жанкүйерлердің көңілін «Berel» волейбол клубының ойыншылары түсірді.

Түркиялық маман Халук Коркмаздың командасы өз басымдығына еш күмән келтірмей, матч бойы сенімді ойын көрсетті.

Ертең сағат 18:00-де командалар III тур аясындағы екінші кездесуін өткізеді.

Үнемі бізбен
бірге болыңыз
Қосымшаны жүкте
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамұрық-ҚазынаSport QoryFreedom travelqsport