Күнтізбе

«ZHETYSU» командысы Ұлттық лигасының үшінші турындағы алғашқы ойында «QUANYSH»-ты жеңді

«ZHETYSU» командысы Ұлттық лигасының үшінші турындағы алғашқы ойында «QUANYSH»-ты жеңді

Фото: ВК "Жетісу"
«ZHETYSU» – «QUANYSH» 3:0 (25:23, 25:18, 25:19)

Әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың III туры аясындағы кейінге шығарылған матчта талдықорғандық және петропавлдық волейболшылар кездесіп, қолданыстағы чемпион үш партияда жеңіске жетті.

Дегенмен, бірінші партияның ортасында Солтүстік Қазақстан облысының командасы бірде-бір партия ұта алмайды деп ойлағандар аз болды. Өйткені бір сәтте «Quanysh» ойыншыларының басымдығы бес ұпайға жетті.

Алайда Марко Гршичтің командасы қиын сәттен шығып, алдымен алғашқы партияда қарсыластарын жеңіп, кейінгі екі партияда да басымдығын дәлелдеді.

Ертең командалар екінші матчта қайта кездеседі. Бүгінгі жеңілістен тиісті қорытынды шығарып, ойынға дұрыс дайындалу үшін Саим Пакканның жаттықтырушылар штабына біраз жұмыс істеуге тура келеді.

Үнемі бізбен
бірге болыңыз
Қосымшаны жүкте
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамұрық-ҚазынаSport QoryFreedom travelqsport