Күнтізбе

Талдықорғанда әйелдер Ұлттық лигасының шешуші ойындары өтеді

Талдықорғанда әйелдер Ұлттық лигасының шешуші ойындары өтеді

Фото: Жетісу

«Жетісу» мен «Quanysh» III турдың кейінге шығарылған матчтарында кездеседі


27–28 қазанда III тур аясындағы кейінге шығарылған матчтарда «Жетісу» өз алаңында «Quanysh» волейбол клубын қабылдайды.
Қазақстанның қазіргі чемпионы мен күміс жүлдегері арасындағы екі матчтық текетірес III турдың басқа ойындарынан бөлек өткізілуде. Бұған өткен маусымның үздік екі командасы 1–7 қараша аралығында CAVA Women's Volleyball League Орталық Азия клубтық чемпионатына қатысуы тиіс болғаны себеп. Алайда Орталық Азия волейбол қауымдастығы бұл турнирді белгісіз мерзімге кейінге шегерді.

Соған қарамастан, ертең және бүрсігүні талдықорғандық жанкүйерлер «Жетісу» мен «Quanysh» волейболшылары арасындағы тартысты ойындарды тамашалай алады.

Алдағы кездесулердің ерекшелігі — екі клубты да шетелдік жаттықтырушылар басқарады. «Жетісу» командасының бас бапкері Марко Гршич Қазақстанда бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал Солтүстік Қазақстан облысының командасын жаттықтыратын Саим Паккан еліміздегі алғашқы маусымын өткізіп жатыр.
Осы маусымның алғашқы екі турында «Жетісу» мен «Quanysh» төрт жеңістен тіркеді. Алайда талдықорғандықтар небәрі бір партиядан айырылса, петропавлдық волейболшылар қарсыластарына екі партия берді.

«Жетісу» – «Quanysh»
Өтетін орны: Талдықорған қаласы, «Жастар» спорт сарайы

Күні: 27–28 қазан
Басталуы: 18:00

Үнемі бізбен
бірге болыңыз
Қосымшаны жүкте
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамұрық-ҚазынаSport QoryFreedom travelqsport