Күнтізбе

Ерлер арасындағы Ұлттық лиганың II турының екінші күнінің нәтижелері

Ерлер арасындағы Ұлттық лиганың II турының екінші күнінің нәтижелері
Фото: "Жетісу"

«Тараз» – «Атырау» 2:3 (25:23, 25:15, 20:25, 15:25, 12:15)
«Тараздың» Қаратау қаласындағы екінші үй матчы қонақтардың камбэгімен аяқталды.
Игорь Никольченконың командасы алғашқы екі партияда жеңіліс тапқанымен, кейін қатарынан үш партияда сенімді ойын көрсетіп, Жамбыл облысынан бес ұпаймен қайтты.
3–4 қараша күндері өтетін үшінші турда «Тараз» Талдықорғаннан келген қонақтарды қабылдайды, ал «Атырау» осы маусымда алғаш рет өз алаңында ойнайды. Қазақстанның батысына «Оқжетпес» командасы келеді.

«Жетісу» – «Ақтөбе» 3:0 (25:17, 25:17, 25:16)
Қолданыстағы чемпион бастапқы турдағыдай, алғашқы матчтағы жеңілістен кейін бұл жолы да сенімді реванш алды.

Кешегі бес партияға созылған тартысты ойыннан өзгеше, бүгін Марат Әдышевтің шәкірттері барлық мәселені үш партияда шешті.

Енді 3–4 қарашада талдықорғандықтар сырт алаңда «Таразбен» кездеседі, ал «Ақтөбе» күнтізбеге сәйкес үшінші турды өткізіп алады.

«Berel» – «Оқжетпес» 0:3 (16:25, 18:25, 18:25)
Өскемен мен Көкшетау клубтарының бүгінгі ойыны кешегі кездесуден көп ерекшеленбеді. «Оқжетпестің» тәжірибелі ойыншылары матч бойы басымдық танытып, Шығыс Қазақстаннан алты ұпай алып қайтады.

3–4 қараша күндері өтетін III турда «Berel» Алматыда «Буревестникпен» ойнайды, ал көкшетаулықтар Атырауға қонаққа барады.

«Буревестник» – «Жайық» 3:1 (25:18, 16:25, 25:15, 25:22)
Алматылық команда тағы да жеңіске жетті. Көрермендер тартысты ойынның куәсі болып, команда маусым басынан бергі төрт матчта жинаған ұпай санын толықтырды. Соның арқасында «Буревестник» лиганың турнирлік кестесінде көш бастап келеді.

Қонақтарға келсек, олар осы маусымдағы тұрақты чемпионатта екі матч өткізгенімен, әзірге ұпай жинаған жоқ.

Келесі турда, 3–4 қарашада, «Буревестник» тағы да өз алаңында ойнайды. Бұл жолы қарсыласы – «Berel» волейбол клубы. Ал «Жайық» екінші турды өткізіп алған «Quanysh» волейбол клубымен кездесіп, алғаш рет өз жанкүйерлерінің алдында өнер көрсетеді.
Үнемі бізбен
бірге болыңыз
Қосымшаны жүкте
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамұрық-ҚазынаSport QoryFreedom travelqsport