Күнтізбе

Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды

Жапонияда өтіп жатқан V жазғы Азия Пара ойындары аясында ерлер арасында отырып ойнайтын волейболдан турнирдің финалдық матчы өтті.

Шешуші кездесуде әлемнің ең мықты құрамасы саналатын Иран командасы мен әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Қазақстан ұлттық құрамасы өзара бақ сынасты.

Кездесуде Иран құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетіп, Азия Пара ойындарының чемпионы атағын сақтап қалды.

Осылайша, Қазақстанның отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрамасы Азия Пара ойындарының күміс жүлдесін қатарынан екінші рет иеленді.

Үнемі бізбен
бірге болыңыз
Қосымшаны жүкте
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамұрық-ҚазынаSport QoryFreedom travelqsport