Волейболдан ерлер арасындағы Ұлттық лиганың бірінші турына шолу

Фото: ВК "Буревестник"
17–18 қазанда Алматы, Тараз, Талдықорған және Өскемен қалаларында өтетін матчтармен ерлер командалары арасындағы Ұлттық лиганың жаңа маусымы басталады.
Егер әйелдер командалары сенбіге дейін әрқайсысы төрт ойыннан өткізіп үлгерсе, ерлер арасындағы тұрақты чемпионат енді ғана басталады. Командалар мықтыны анықтау жолындағы күреске кіріседі.
Осы маусымнан бастап ерлер арасындағы Ұлттық лига да турлық жүйеден «үйде және сырт алаңда» форматындағы ойын жүйесіне көшті. Әр тур бұрынғыдай екі матчтан тұрады. Алайда әйелдер лигасынан айырмашылығы, ерлер арасындағы тұрақты чемпионат 14 емес, 18 турдан тұрады.
Плей-офф кезеңіне дейін әр клуб 16 матчтан өткізеді. Ерлер арасындағы Ұлттық лигаға тоғыз клуб қатысады. Сондықтан 18 турдың ішінде әр команда екі турды өткізіп алады.
Осы демалыс күндері оралдық «Жайық» командасы ойын өткізбейді.
«Буревестник» (Алматы) – «Атырау»
Өтетін орны: Алматы қаласы, «Достық» спорт кешені
Матчтардың басталу уақыты: 17 қазан – 18:00, 18 қазан – 18:00
«Тараз» – «Ақтөбе»
Өтетін орны: Тараз қаласы, «Тараз-Арена»
Матчтардың басталу уақыты: 17 қазан – 17:00, 18 қазан – 17:00
«Жетісу» (Жетісу облысы) – «Оқжетпес» (Ақмола облысы)
Өтетін орны: Талдықорған қаласы, «Жастар» спорт сарайы
Матчтардың басталу уақыты: 17 қазан – 18:00, 18 қазан – 18:00
«Berel» (ШҚО) – «Quanysh» (СҚО)
Өтетін орны: Өскемен қаласы, «Жекпе-жек» спорт кешені




































