ЕрлерAichi-Nagoya 2026
ЖапонияЖапония
3:0
Аяқталды
ҚазақcтанҚазақcтан
ҚыздарAichi-Nagoya 2026
ВьетнамВьетнам
3:0
Аяқталды
ҚазақcтанҚазақcтан
ҚыздарAichi-Nagoya 2026
Қытай ТайбейіҚытай Тайбейі
3:2
Аяқталды
ҚазақcтанҚазақcтан
ҚыздарAichi-Nagoya 2026
Оңтүстік КореяОңтүстік Корея
3:0
Аяқталды
ҚазақcтанҚазақcтан
ҚыздарAichi-Nagoya 2026
ҚытайҚытай
3:0
Аяқталды
ҚазақcтанҚазақcтан
ҚыздарAichi-Nagoya 2026
ФилиппинФилиппин
1:3
Аяқталды
ҚазақcтанҚазақcтан
Күнтізбе

ҚҰВФ-НЫҢ I САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚҰВФ-НЫҢ I САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Қазақстан Ұлттық волейбол федерациясының (ҚҰВФ) I сайлау конференциясы өтті.
Конференция жұмысына өңірлік федерациялардың, спорт ұйымдарының, волейбол клубтарының өкілдері және Конференция мүшелері қатысты. Жиын барысында Қазақстандағы волейболды одан әрі дамытуға, жарыстарды ұйымдастыру жүйесін жетілдіруге және ұлттық чемпионаттардың сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер командалары арасындағы чемпионаттарын өткізудің ұйымдастырушылық және қаржылық тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, Ұлттық лига, Жоғары лига, 21 жасқа дейінгі қосалқы құрамдар лигасы және Жастар лигасы чемпионаттарында қызмет көрсететін төрешілер бригадаларының еңбегіне ақы төлеу нормативтерін бекіту мәселесі қаралды. Бұл шешім төрешілер еңбегін бағалаудың бірыңғай тәсілін қалыптастыруға және жарыстарды өткізудегі қаржылық ашықтықты арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, чемпионаттар барысында командалар мен жарыс қатысушыларының Қазақстан аумағындағы тәуліктік шығындарын өтеуге қатысты бірыңғай нормативтерді бекіту мәселесі қарастырылды.
Конференция барысында Ұлттық лига чемпионатының жүлде қорын кезең-кезеңімен қалыптастыру бастамасы да ұсынылды. Бастапқы кезеңде жүлде қорын Ұлттық лига деңгейінде енгізу көзделіп отыр.

Ұсынылған жүлде қоры:
1-орын - 10 000 000 теңге
2-орын - 5 000 000 теңге
3-орын - 3 000 000 теңге
4-орын - 1 000 000 теңге

Жүлде қорын қалыптастыру клубтардың дамуына қолдау көрсету, спортшылар мен жаттықтырушыларды ынталандыру, сондай-ақ ұлттық чемпионаттардағы бәсекелестікті арттыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылуда.
Конференция барысында көтерілген мәселелер Қазақстандағы волейболдың ұйымдастырушылық және спорттық жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған.
ҚҰВФ алдағы уақытта да отандық волейболды дамыту, ұлттық чемпионаттардың деңгейін арттыру және клубтық жүйені нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады. 


Үнемі бізбен
бірге болыңыз
Қосымшаны жүкте
app storegoogle play
Mobile APP
Самұрық-ҚазынаSport Qory