3-ойын күнінің нәтижелері

Қазақстан Республикасы әйелдер командалары арасындағы Волейбол кубогының алдын ала кезеңі жалғасуда!
📍 Өтетін орны: Көкшетау қаласы, «Көкше Арена» спорт кешені
📅 Күні: 17 қыркүйек 2026 жыл
17 қыркүйек күні әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Волейбол кубогының алдын ала кезеңі аясындағы үшінші ойын күні аяқталды.
Жарыстың кезекті күнінде командалар тартысты кездесулер өткізіп, Кубоктың келесі кезеңіне жолдама алу үшін өзара бақ сынады. Көрермендер бес партияға дейін созылған тартысты матчтың куәсі болды.
📊 Үшінші ойын күнінің нәтижелері:
🔹 «Астана» — «Тараз» — 2:3
25:23, 22:25, 12:25, 25:15, 15:17
🔹 «Шымкент» — «Қарағанды» — 0:3
18:25, 16:25, 21:25
🔹 «Қайсар» — «Оқжетпес» — 0:3
18:25, 15:25, 24:25
Командалар арасындағы тартыс жалғасуда. Волейбол кубогының алдын ала кезеңіндегі келесі ойындарды жіберіп алмаңыздар!













