Күнтізбе

Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы қарсыластары белгілі болды

Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы қарсыластары белгілі болды

XX Азия ойындарының (Айти–Нагоя 2026) ерлер арасындағы волейбол турнирінің жеребесі өтті.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер ұлттық құрамасы А тобына түсті.

Топтағы қарсыластар:

  • 🇯🇵 Жапония
  • 🇵🇰 Пәкістан
  • 🇺🇿 Өзбекстан

Топтық кезең ойындары тартысты өтеді деп күтілуде. Әрбір кездесу плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін маңызды болмақ.

📅 Ерлер арасындағы волейбол жарыстары 2026 жылғы 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді.

Қазақстан ұлттық құрамасына сәттілік тілейміз! 🇰🇿 Командамыз ел намысын абыроймен қорғап, Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетеді деп сенеміз.

Үнемі бізбен
бірге болыңыз
Қосымшаны жүкте
app storegoogle play
Mobile APP
Самұрық-ҚазынаSport Qory