Schedule

Юлия Акулова – әлем чемпионатының төрешісі

Юлия Акулова – әлем чемпионатының төрешісі
Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) ерлер командалары арасындағы 2026 жылғы Клубтар әлем чемпионатының төрешілер құрамын бекітті. Ең беделді клубтық турнирдің матчтарына төрелік ету сеніп тапсырылған әлемнің үздік төрешілерінің қатарына Қазақстан өкілі — халықаралық төреші (ХТ) Юлия Акулова енді.

Әлем чемпионаты 2026 жылғы 15–20 желтоқсан аралығында Польшаның Силезия воеводствосындағы үш қалада — Сосновецте, Катовицеде және Ченстоховада өтеді. Басты жүлде үшін төрт құрлықтың ең мықты сегіз клубы бақ сынасады. Олардың қатарында — әлемнің қазіргі чемпионы әрі ЕКВ Чемпиондар лигасының жеңімпазы итальяндық «Перуджа», турнир иесі — поляктың «Алурон Варта Заверце» клубы, түріктің «Зираат Банккарт» клубы, бразилиялық «Сада Крузейро» мен «Волей Рената», ирандық «Фулад Сирджан», индонезиялық «Джакарта Бхаянгкара Пресиси» және мысырлық «Әл-Ахли».

Бұл тағайындау Юлия Акулованың жоғары кәсібилігі мен ағымдағы маусымда әлемдік аренада қалыптасқан беделінің тағы бір дәлелі болды:

2026 жылғы шілдеде AVC Gala салтанатты рәсімінде ол ресми түрде «Азиядағы жылдың үздік волейбол төрешісі» деп танылды.
2026 жылғы тамызда Юлия Акулова ерлер арасындағы Волейбол ұлттар лигасының (VNL 2026) Польша мен АҚШ құрамалары арасындағы финалдық матчында екінші төреші болып жұмыс істеді.

Қазақстан ұлттық волейбол федерациясы Юлия Акулованы жоғары халықаралық мойындаумен құттықтап, Польшадағы алдағы матчтарда сенімді әрі әділ төрелік етуіне тілектестік білдіреді!
Stay with us
all the time
Download the app
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportSamruk-KazynaSport QoryFreedom travelqsport