Schedule

Қазақстанда отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионаты өтеді

Қазақстанда отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионаты өтеді

Қазақстан отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионатын өткізуге Азия параволейбол федерациясының қолдауына ие болды.

Чемпионатты 2027 жылы Астана қаласында өткізу жоспарланып отыр. Бұл турнир 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеудің маңызды кезеңі болмақ.

Бұл шешім Жапонияның Нагоя қаласында жарияланды. Онда Қазақстан Ұлттық волейбол федерациясының вице-президенті Дүйсенбай Нұрбаевич Тұрғанов Азия параволейбол федерациясының президенті Лу Кайлангпен және Халықаралық параволейбол федерациясының президенті Юрген Шрапппен жұмыс кездесуін өткізді.


Кездесу барысында тараптар Азия чемпионатына дайындық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, спорт аренасын таңдау, командаларды орналастыру, төрешілікпен қамтамасыз ету және Азия елдерінің турнирге қатысу мәселелері қаралды.

Келесі маңызды қадам — Федерация өкілдерінің 2027 жылдың басында Астанаға жоспарланған инспекциялық сапары. Сарапшылар спорт инфрақұрылымының дайындығын бағалап, турнирді ұйымдастырудың алдағы кезеңдерін талқылайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық волейбол федерациясының вице-президенті Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті Қайрат Боранбаевпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құраманы дайындаудың өзекті мәселелері және команданың 2027 жылғы Азия чемпионатына дайындық жоспары талқыланды.

Stay with us
all the time
Download the app
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportSamruk-KazynaSport QoryFreedom travelqsport