Schedule

Қазақстанның отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрамасы Азия Пара ойындарының жартылай финалына шықты

Қазақстанның отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрамасы Азия Пара ойындарының жартылай финалына шықты

Қазақстанның отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрамасы V жазғы Азия Пара ойындарының жартылай финалына топта екінші орынмен шығып, жүлделер үшін күресті жалғастыруда

Бүгін біздің команда әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі — Иран құрамасымен кездесіп, 0:3 (19:25, 13:25, 12:25) есебімен жеңіліс тапты.

Иранның отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрамасы — қазіргі әлем чемпионы, 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының және 2022 жылғы Азия Пара ойындарының чемпионы.

Еске сала кетейік, топтық кезеңдегі алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Таиландты 3:0 (25:16, 25:22, 25:18) есебімен жеңген болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топта екінші орын алып, Азия Пара ойындарының жартылай финалына шықты. Ертең, 22 қазанда, команда финалға жолдама алу үшін Ирак құрамасымен кездеседі.

Stay with us
all the time
Download the app
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportSamruk-KazynaSport QoryFreedom travelqsport