Schedule

Ерлер арасындағы Ұлттық лига. I турдың екінші ойын күнінің нәтижелері

Ерлер арасындағы Ұлттық лига. I турдың екінші ойын күнінің нәтижелері

Фото:ВК "Буревестник"


«Тараз» – «Ақтөбе» 0:3 (20:25, 18:25, 23:25)

Кешегі жеңілістен кейін Сергей Трикоздың шәкірттері тиісті қорытынды шығарып, Юрий Башкатовтың командасынан сенімді түрде қарымта қайтарды.

Соңғы екі маусымның күміс жүлдегері «Ақтөбе» мен ВК «Тараз» алғашқы ойындардан кейін үш ұпайдан жинады.

22–23 қазанда ақтөбеліктер қазіргі чемпион «Жетісуға» қонаққа барады, ал оңтүстікқазақстандық команда өз алаңында «Атырауды» қабылдайды.

«Berel» – «Quanysh» 1:3 (23:25, 22:25, 28:26, 19:25)

Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының командалары Өскеменде тағы да тартысты ойын көрсетті. Алайда кешегі матчтан айырмашылығы, бүгінгі кездесу төрт партиямен аяқталып, жеңіс алаң иелеріне емес, қонақтарға бұйырды.

Соған қарамастан, Рафаиль Гилязутдинов жаттықтыратын жас команда алғашқы турдың қорытындысын өз пайдасына жазуына болады. Ұлттық лигадағы дебютанттар өз жанкүйерлерінің алдында лайықты ойын көрсетті.

22–23 қазанда «Berel» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдайды, ал «Quanysh» екінші турды өткізіп алады.

«Жетісу» – «Оқжетпес» 3:1 (28:26, 31:29, 29:31, 25:16)

Маусымның алғашқы матчындағы жеңілістен кейін Марат Адрышевтің командасы Көкшетаудан келген қонақтармен аса тартысты кездесу өткізді.

Төрт партияның үшеуінде есеп айырмасы өте аз болды, ал олардың екеуінде алаң иелері басым түсті. Қазақстанның қазіргі чемпионы өз жанкүйерлерінің алдында жеңілістің орнын ішінара толтырды.

Араға төрт күн салып, команда өз алаңында ұлттық чемпионаттың күміс жүлдегері «Ақтөбемен» кездеседі. Ал «Оқжетпес» Өскеменге жол тартады.

«Буревестник» – «Атырау» 3:0 (25:9, 25:20, 25:23)

Марат Иманғалиевтің командасы Батыс Қазақстаннан келген қонақтарды жылы қарсы алған жоқ.

Кеше атыраулық волейболшылар алаң иелерінен алғашқы партияны жеңіп алған болса, бүгін «Буревестник» бірінші партияда қарсыласын ойсырата ұтты. Екінші және үшінші партияларда да алматылық команда басымдық танытты.

Алматы клубы бірінші турда алты ұпай жинап, турнирлік кестеде жеке-дара көш бастады. 22–23 қазанда команда алғашқы турды өткізіп алған оралдық «Жайықты» өз алаңында қабылдап, жеңіске жетуге тырысады. Ал «Атырау» осы күндері Таразда қонақта болады.

Stay with us
all the time
Download the app
app storegoogle play
Mobile APP
Samruk-KazynaSport Qory