Schedule

Қазақстандық жұп камбэкпен жеңіске жетті

Қазақстандық жұп камбэкпен жеңіске жетті

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында жағажай волейболынан ерлер арасындағы жарыс басталды.

Қазақстан намысын Сергей Богату мен Кирилл Гуриннен құралған жұп қорғауда. Отандастарымыз алғашқы кездесуінде Индонезия құрамасына қарсы алаңға шығып, тартысты өткен матчта 2:1 есебімен жеңіске жетті — 22:24, 21:19, 15:12.

Қазақстандық жұп алғашқы партияда қарсыласына жол бергенімен, келесі екі сетте ойын барысын өзгертіп, басымдықты өз қолына алды. Шешуші үшінші партияда Сергей Богату мен Кирилл Гурин 15:12 есебімен жеңіске жетіп, Азия ойындарын сәтті бастады.

Енді қазақстандық жағажай волейболшылары топтық кезеңдегі қалған кездесулерін Оңтүстік Кореяға қарсы 22 қыркүйекте, ал Гонконг құрамасына қарсы 25 қыркүйекте өткізеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Триатлоннан ерлер арасындағы жарыста Арлан Жанабай қола жүлдеге ие болса, тас жолдағы велоспорттан әйелдер арасындағы жарыста Рината Сұлтанова алтын медаль жеңіп алды.

Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Аичи–Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.

Stay with us
all the time
Download the app
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportSamruk-KazynaSport QoryFreedom travelqsport