Екінші ойын күнінің нәтижелері

Қазақстан Республикасының әйелдер командалары арасындағы Волейбол кубогының алдын ала кезеңіндегі екінші ойын күні өз мәресіне жетті.
📍 Көкшетау | «Көкше Арена»
📅 16 қыркүйек, сәрсенбі
Бүгін алаңда үш тартысты кездесу өтіп, командалар Кубок жолындағы күресін жалғастырды. Әр матч өзіндік драматизмге толы болды — кейбір топтар қарсыласын үш сеттің өзінде-ақ басып озса, енді бірі соңғы сетке дейін тең күрес жүргізді.
Ойын нәтижелері:
🔹 «Тараз» — «Шымкент» 0:3
20:25, 23:25, 16:25
🔹 «Қарағанды» — «Астана» 3:1
23:25, 25:16, 25:19, 25:9
🔹 «Оқжетпес» — «ERTIS» 1:3
15:25, 17:25, 25:22, 17:25
Кубок жолындағы алдын ала кезең жалғасады — командалар алда тағы бірнеше кездесуде беделі үшін күреседі.













