Schedule

Төртінші ойын күнінің қорытындысы

Төртінші ойын күнінің қорытындысы

Республикасы Кубогының алдын ала кезеңінің төртінші күні аяқталды.  Тартыс қыза түсіп, командалар жанкүйерлерге нағыз спорттық шеберлік пен жеңіске деген табандылықты паш етті. Әрбір ұпай турнир кестесіндегі жағдайды өзгертетіндіктен, спортшылар бар күшін салды. Бұл күннің ерекшелігі — барлық жеңімпаз командалар өз қарсыластарын айқын басымдықпен, бірде-бір сет берместен ұтты.

​«Қарағанды» — «ULYTAU» 0:3: Ұлытаулықтар ойын тізгінін бірден қолға алып, қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмады.

​«Буревестник» — «BEREL» 3:0: «Буревестник» ұжымы сенімді әрі сауатты тактиканың арқасында жеңіске жетті.

​«Оқжетпес» — «Дарын Шымкент» 3:0: Көкшетаулықтар өз шеберліктерін дәлелдеп, шымкенттік команданы ұтты.

Stay with us
all the time
Download the app
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportSamruk-KazynaSport QoryFreedom travelqsport