Schedule

ҚР Кубогының екінші ойын күнінің қорытындысы

ҚР Кубогының екінші ойын күнінің қорытындысы

Көкшетауда Қазақстан Республикасы Кубогының екінші ойын күні аяқталды

Көкшетау қаласында ерлер командалары арасында волейболдан Қазақстан Республикасы Кубогының алдын ала кезеңі жалғасуда. 7 қыркүйек күні жарыстың екінші ойын күні өтіп, командалар арасында үш кездесу ұйымдастырылды.

Ойын күнінің қорытындысы бойынша барлық үш кездесу де 3:0 есебімен аяқталды.

Матч нәтижелері:

🔹 «Қарағанды» — «Дарын Шымкент» — 0:3
16:25 | 17:25 | 20:25

🔹 ULYTAU — BEREL — 0:3
23:25 | 26:28 | 20:25

🔹 «Оқжетпес» — «Буревестник» — 0:3
18:25 | 15:25 | 19:25

Командалар жарыстың келесі кезеңіне жолдама алу үшін тартысты бәсекені жалғастыруда. Әрбір ойынның маңызы зор, ал турнирдегі бәсекелестік күн өткен сайын қыза түсуде.

🏆 Қазақстан Республикасы Кубогының алдын ала кезеңі жалғасуда. Алдағы кездесулердің нәтижелерін бірге бақылап, командаларға сәттілік тілейміз!

📍 Көкшетау, «Көкше Арена» спорт кешені
🏆 Волейболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогы

Stay with us
all the time
Download the app
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportSamruk-KazynaSport QoryFreedom travelqsport