Календарь

Халықаралық волейбол федерациясы жаңа спорт түрі – Air Volleyball-ды ұсынды

Халықаралық волейбол федерациясы жаңа спорт түрі – Air Volleyball-ды ұсынды
Жеңілдетілген доп, аласа тор және ұзаққа созылатын доп алмасулар волейболдың әуедегі жаңа форматын балаларды осы спорт түріне баулудың қызықты әрі қолжетімді тәсіліне айналдырады.

2026 жылдың қараша айында FIVB және MIKASA волейболды бұқаралық спорт ретінде дамыту бағдарламасы аясында өткен FIVB Конгресінде Air Volleyball ойынына арналған доптардың жаңа топтамасын таныстырды.

Бұл – волейбол ойынына қатысушылар санын арттыруға бағытталған қолжетімді әрі серпінді формат. Арнайы доптың, көлемі кішірейтілген алаңның және аласа тордың арқасында бұл ойын жаңадан бастаушыларға да, тәжірибелі ойыншыларға да қызықты болмақ.

Air Volleyball Қытайда пайда болып, кеңінен таралып, әртүрлі жастағы адамдар арасында танымалдыққа ие болды. Бүгінде бұл формат халықаралық волейбол қауымдастығының назарын аударып, бұқаралық спортты одан әрі дамытудың бір жолы ретінде қарастырылуда.

Классикалық волейболдан айырмашылығы, Air Volleyball ойынында әр команда бес ойыншыдан жасақталады. Матчтар көлемі кішірейтілген алаңда және аласа тор арқылы өткізіледі. Мұнда допқа ерекше мән беріледі: ол стандартты волейбол добынан үлкен, жұмсақ әрі жеңіл.

Осындай ерекшеліктер ойынның қолайлылығын арттырып, ұзаққа созылатын доп алмасуларға мүмкіндік береді және қатысушылардың доппен жиі әрекеттесуіне жағдай жасайды. Air Volleyball жаңадан бастаған ойыншыларға негізгі ойын дағдыларын жылдам меңгеруге және командалық рухты сезінуге көмектеседі.

Бұл форматты дамыту Халықаралық волейбол федерациясының (FIVB) волейболды қалың бұқара үшін барынша қолжетімді, түсінікті әрі тартымды ету мақсатына сай келеді.
Всегда будьте
с нами
Скачай приложение
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамурык-КазынаSport QoryFreedom travelqsport