Календарь

Әйелдер Ұлттық лигасының IV турына превью

Әйелдер Ұлттық лигасының IV турына превью

14–15 қараша күндері Қазақстанның төрт қаласында әйелдер командалары арасындағы Ұлттық лиганың кезекті туры өтеді.

«Ertis» – «Ақтөбе»

Павлодар қаласы, «Баянтау» спорт кешені

14 қараша, 18:00 | 15 қараша, 18:00

Павлодар мен Ақтөбе клубтары осы маусымда әзірге бірде-бір ұпай жинамаған жалғыз командалар. Алдағы тур қорытындысы бойынша командалардың бірі ұпай еншілейді, тіпті екеуі де ұпай жинауы мүмкін. Қазіргі уақытта «Ertis» алты ойында екі партия жеңіп, «Ақтөбеден» озып тұр.

Белгілі бір жағдайларда алдағы екі күннің қорытындысы бойынша Евгений Николаев пен Сергей Сафроновтың командалары лиганың турнирлік кестесінде алтыншы орынға таласа алады.

«Quanysh» – «Туран»

Петропавл қаласы, «Қуаныш» спорт кешені

14 қараша, 18:30 | 15 қараша, 18:30

Петропавлдық команда Талдықорғандағы сырт алаңдағы ойындардан екі ұпай алып, Жетісу облысы мен ШҚО командаларының соңынан қуып келеді. Бұл жолы Саим Пакканның шәкірттеріне Аскар Шалкибеков бастаған ойыншылар қонаққа келеді. «Туран» алты матчтан кейін жеңістер мен жеңілістер саны тең болып, 9 ұпаймен турнирлік кестеде бесінші орында тұр.

«Жетісу» – «Berel»

Талдықорған қаласы, «Жастар» спорт сарайы

14 қараша, 17:00 | 15 қараша, 17:00

Турдың орталық матчы тағы да Талдықорғанда өтеді. 27–28 қазанда «Жетісу» волейболшылары СҚО-дан келген қарсыластарына алты ұпайдың тек екеуін ғана берді. Ал ертең және арғы күні Марко Гршичтің командасына Халук Коркмаз жетекшілік ететін қазіргі көшбасшы қарсы тұрады. «Жетісу» мен «Berel» арасындағы алдағы ойындардың ерекше мәртебесіне екі команданың да шетелдік мамандар жаттықтыратыны қосымша мән береді.

«Қарағанды» – «Буревестник»

Теміртау қаласы, «Жәуіртау» спорт кешені

14 қараша, 15:00 | 15 қараша, 16:00

Маусымдағы алты ойыннан кейін алаң иелерінің еншісінде бір ғана жеңіс пен үш ұпай бар. Бұл жағдай тек чемпионаттың қиын басталуымен байланысты ма, оны арғы күні анықтаймыз. Нұрлан Садықовтың командасы енді ШҚО мен СҚО-ның чемпиондыққа үміткерлерімен немесе Қазақстан Кубогының қазіргі иегерімен емес, маусым басталар алдында фавориттер қатарында болмаған «Буревестникпен» екі матч өткізеді. Қазіргі уақытта Руслан Салахуновтың командасы 12 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орында тұр.

«Жетісу» – «Berel» матчын 14 қарашада QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, ал 15 қарашадағы ойын Qsport 1 телеарнасынан көрсетіледі. Сонымен қатар, екі матчты да volley.kz сайтынан көруге болады.

Әйелдер Ұлттық лигасының IV турындағы қалған матчтардың трансляциялары 14–15 қараша күндері ҚҰВФ YouTube-арнасында қолжетімді болады.

Всегда будьте
с нами
Скачай приложение
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамурык-КазынаSport QoryFreedom travelqsport