Календарь

Буревестник ерлер Ұлттық лигасындағы көшбасшылық орнын нығайтты

Буревестник ерлер Ұлттық лигасындағы көшбасшылық орнын нығайтты
Тұрақты чемпионаттың III турының бірінші ойын күнінің нәтижелері

«Жайық» – «Quanysh» 3:0 (26:24, 25:17, 25:15)

Виктор Козиктің командасы Петропавлдан келген қонақтарды жеңіп, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Оралдық клубқа жеңіске жету үшін үш партия жеткілікті болды. Тек алғашқы сетте ғана тартысты ойын өрбііп, есеп «тең ойын» жағдайында өтті. Ал одан кейін алаң иелері өз басымдығын ешкімге күмән келтірмеді.

Ертең командалар III турдың екінші матчын өткізеді. Ойынның басталуы – 19:00.

«Тараз» – «Жетісу» 3:2 (25:17, 12:25, 25:13, 20:25, 15:11)

Қазіргі чемпион турдың алғашқы матчында тағы да сүрінді. I және II турларда Марат Адрышевтың шәкірттері «Оқжетпес» және «Ақтөбе» командаларына қарсы кездесулерде де жеңіліс тапқан болатын, алайда кейін реванш алып отырды.

Ертеңгі матчта не болатынын көрейік. Қайта кездесудің басталуы – 18:00.

«Буревестник» – «Berel» 3:1 (25:21, 22:25, 25:17, 25:14)

Маусымның көшбасшысы өз алаңында жеңісті жалғастыруда. Бұл жолы алматылықтар ШҚО-дан келген жас команданы жеңді.

«Berel» «Буревестник» командасынан бір партия ұтып алып, ертеңгі матч алдында жанкүйерлеріне үміт сыйлады.

III турдың екінші ойыны ертең 19:00-де басталады.

«Атырау» – «Оқжетпес» 2:3 (25:15, 25:23, 22:25, 17:25, 17:19)

Атырау мен Көкшетау волейболшылары III турдың алғашқы матчында нағыз триллер сыйлады.

Игорь Никольченконың командасы алғашқы екі партияда жеңіске жеткенімен, кейін қонақтар ойын тізгінін қолға алып, тай-брейкте жігерлі жеңіске жетті.

Ертең алаң иелерінің өз жанкүйерлері алдында ақталуға мүмкіндігі болады.
Всегда будьте
с нами
Скачай приложение
app storegoogle play
Mobile APP
Almaty International AirportСамурык-КазынаSport QoryFreedom travelqsport