Жарқын жеңіс

XX жазғы Азия ойындарында жағажай волейболынан әйелдер арасындағы топтық кезең матчтары өтіп жатыр.
Қазақстан Ұлттық құрамасының өкілдері Лаура Қабылбекова мен Мерей Қожахмет Е тобында Бангладеш құрамасына қарсы ойын өткізді. Матч барысында біздің спортшылар ерекше шеберлік пен айқын басымдық танытып, қарсыластарын екі сетте де сенімді түрде жеңді.
Кездесу қорытындысы бойынша есеп: 21-6, 21-2. Лаура мен Мерейдің топтық кезең аясындағы келесі маңызды матчы 25 қыркүйекке жоспарланған.
Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында барлығы 558 спортшы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласуда.













