Бірінші ойын күнінің нәтижелері

Қазақстан Республикасының әйелдер командалары арасындағы Волейбол кубогының алдын ала кезеңіндегі алғашқы ойындар 15 қыркүйекте Көкшетау қаласындағы «Көкше Арена» спорт кешенінде өтті.
Турнирдің алғашқы ойын күнінде алаңға алты команда шығып, Кубок жолындағы алғашқы ұпайлары үшін тартысты бәсекеге түсті. Кездесулер барысында командалар жоғары қарқын мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Бірінші ойын күнінің нәтижелері:
🔹 «Қарағанды» — «Тараз» — 3:0
25:12, 25:12, 25:18
🔹 «Астана» — «Шымкент» — 1:3
23:25, 14:25, 25:16, 23:25
🔹 «ERTIS» — «Қайсар» — 3:0
25:18, 25:14, 25:17
Алғашқы ойындар қорытындысы бойынша командалар турнирлік есепке маңызды ұпайлар қосты. Алдағы кездесулерде командаларды жаңа ойындар мен кезекті тартысты бәсекелер күтеді.
🏆 Қазақстан Республикасы Кубогы жолындағы жарыс жалғасуда!













