Главная / Главные Новости / Тай-брейк титықтатқандар тізе бүкті chempionat-rk

Тай-брейк титықтатқандар тізе бүкті

05/04/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Сейсенбі күні, 4 сәуірде ерлер арасындағы Ұлттық лига клубтары плей-офф додасының шешуші ойындарын бастады. Финалдық кезеңдегі бәсеке де екі жеңіске дейін созылады. Яғни сәрсебіде кейбір клубтар үшін маусым аяқталады. Ал бүгін ұтылып қалған ұжымдар ертең жалпы есептегі таразы басын теңестірсе, онда шешуші дода бейсенбіге дейін созылады.

Төрт жұптағы командалардың бүгінгі ойындары нәтижесіне қарап, бір қызықты деректі байқауға болады. Жексенбі күнгі жартылай финалдық ойындарда шүмектетіп тер төгіп, тағдырлары тай-брейкте шешілген клубтардың бәрі де, дүйсенбідегі бір күндік демалыстан соң да, бүгінгі бес сеттік матчтарда жеңілістің кермек дәмін татты.

Мәселен, «Жайық» жартылай финалдағы «Ұшқынмен» өткен екі бессеттік матчтан соң, ал «Тараз» финалға бергісіз «Атыраумен» тайталасқан драмаға толы екі тай-брейктен кейін 7-ші және 3-ші орындар сарапқа салынған бірінші матчтарда ойсырай ұтылды. Нақтырақ айтқанда, «Алтай» мен «Буревестникке» үш партияда төтеп бере алмады.

Көкше қырандары «Есіл СК» ерлерін төрт сетте тізе бүктірсе, былтырғы маусымдағы ел чемпионы алаң иелерінен бес партияда ұтылып қалды. Жеңіліске ұшыраған командаларға сергектік пен ширақтық та, қосымша айла-жоспар да жетіспеді. Алайда олардың осы қателіктерін түзеуге әлі де мүмкіндіктері бар. Оларға есе қайтаруға болатын мүмкіндік берілген.

Чемпиондық атаққа таласып жатқан екі команда арасында тағы бір қызықты дерек ойға оралады. Осыдан бес жыл бұрын, 2018 жылғы сәуір айында, ел чемпионатының шешуші додасы дәл осы Павлодар қаласында өткен (ел чемпионаты екі кезеңге бөлінген – екі топта және әдеттегідей, бірнеше турға). Сонда көш бастап келе жатқан «Атырау» ВК (ол кезде бұл команда «Сармат-Атырау» деп аталатын) суырылып алға шығып, өзге командалардың бәрінен озып, мерзімінен бұрын чемпион атанған. Сөйтіп, 15 жылдан кейін ел чемпионы атағына қол жеткізген болатын.

Алаң иелері, чғни «Павлодар» ВК жігіттері сонда күміс жүлдені қанағат тұтқан еді. Әрі содан кейін чемпиондық атаққа таласатын үздіктер қатарына қосыла алмай, кежегесі кейін тартқан. Атыраулықтар мен керекуліктер арасындағы, 2017/18 жылдар маусымындағы соңғы матч қағаз жүзінде «алтын матч» болуы керек еді, бірақ іс жүзінде басқаша болған...

Міне, тағы да – сәуір айы, тағы да – ерке Ертіс жағасы. Ал екеуара матчтар – іс жүзінде «алтын» ойындар. Біреуі – чемпион, екіншісі – әлі ондай атаққа қол жеткізіп көрмеген. Алаң иелерінің бірінші матчта, оның үстіне тай-брейкте жеңіске жетуі арманға қол созуға мүмкіндік беретін ерлік секілді. Не бел, не белбеу кетеді деп, жанкештілік таныту керек секілді.

Әйтсе де, чемпионның да әлеуеті зор екенін білеміз. Тағы да жанкештілік танытып, жеңісті жұлып алып, Етіс бойынан Жайыққа қарай өңгеріп кетуге қауқарлары жететін сияқты. Ол үшін сол баяғы Жұмабеков, Хандролин, Нетәлин және Шәріпов сынды сайыпқырандарға бес жыл бұрынғы ерліктерін естеріне түсіріп, жандарын шүберекке түйсе, дода көрігі әлі қыза түседі.

Плей-офф додасындағы матчтар 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

2022/23 жылдар маусымының негізгі додасы (02 қараша 2022ж. – 21 ақпан 2023 ж.; Алматы, Павлодар, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

4-тур (13 – 21 ақпан 2023. Атырау). Жеңімпаз – «Тараз» ВК

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Юрий КАНды еске түсіруге арналған

Павлодар. «Баянтау» с/к.

* Астана уақытымен

* 3 сәуір – шешуші кезеңдегі демалыс күні

* Барлық ойындар «QAZSPORT» телеарнасында және ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Төрешілер: А.Ахметов, И.Қабылбекова, Ю.Акулова, Н.Өмірзақ, С.Берденов.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев.

Бас хатшы: Ж.Байсағұрова.

Плей-офф (екі жеңіске дейін)

5 сәуір (сәрсенбі)

7-орын үшін

(10:00) «Жайық» – «Алтай»

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ, Акулова.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 0:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 0:1

5-орын үшін

(12:30) «Ұшқын» – «Есіл СК»

Төрешілер: Берденов, Ахметов, Өмірзақ.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:0 (Павлодар), 3:1 (Атырау), 1:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 0:1

3-орын үшін

(15:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Берденов.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 1:3 (Атырау), 3:0 (Павлодар).

Жалпы есеп – 1:0

Финал

(17:30) «Павлодар» ВК – «Атырау» ВК

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ, Берденов.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 2:3 (Павлодар), 0:3 (Атырау), 3:2 (Павлодар).

Жалпы есеп – 1:0

4 сәуір

7-орын үшін

«Жайық» – «Алтай» – 0:3 (23-25, 25-27, 23-25)

Төрешілер: Берденов, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 71-77. Матч уақыты: 86 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 3:2 (Атырау).

5-орын үшін

«Ұшқын» – «Есіл СК» – 1:3 (21-25, 25-22, 28-30, 19-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова, Берденов. Доп айырмасы: 93-102. Матч уақыты: 105 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:0 (Павлодар), 3:1 (Атырау).

3-орын үшін

«Буревестник» – «Тараз» ВК – 3:0 (25-18, 25-21, 25-18)

Төрешілер: Акулова, Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 75-57. Матч уақыты: 77 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 1:3 (Атырау).

ФИНАЛ

«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 3:2 (26-24, 25-23, 28-30, 17-25, 16-14)

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ, Ахметов. Доп айырмасы: 112-116. Матч уақыты: 134 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 2:3 (Павлодар), 0:3 (Атырау).

02 сәуір

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:2 (25-16, 23-25, 20-25, 25-23, 15-11)

Төрешілер: Ахметов, Акулова, Берденов. Доп айырмасы: 108-100. Матч уақыты: 116 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:1

«Есіл СК» – «Алтай» – 3:1 (25-19, 19-25, 25-22, 25-22)

Төрешілер: Өмірзақ, Берденов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 94-88. Матч уақыты: 112 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 3:0 (Павлодар), 2:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:1

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК – «Тараз» ВК – 3:2 (25-27, 25-19, 22-25, 25-23, 15-10)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 112-104. Матч уақыты: 130 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау), 2:3 (Павлодар), 3:0 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:1

01 сәуір

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» – «Жайық» – 0:3 (13-25, 21-25, 22-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 71 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау), 3:2 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Алтай» – 2:3 (25-19, 20-25, 16-25, 25-23, 13-15)

Төрешілер: Берденов, Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 99-107. Матч уақыты: 125 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 3:0 (Павлодар).

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК – «Тараз» ВК – 3:0 (25-22, 25-22, 31-29)

Төрешілер: Ахметов, Акулова, Берденов. Доп айырмасы: 81-73. Матч уақыты: 91 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау), 2:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 1:3 (23-25, 25-16, 21-25, 13-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 82-91. Матч уақыты: 104 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Атырау), 1:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 0:2

31 наурыз

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» (5) – «Жайық» (8) – 3:2 (25-20, 21-25, 22-25, 25-23, 15-9)

Төрешілер: Берденов, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 108-102. Матч уақыты: 117 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау).

«Есіл СК» (6) – «Алтай» (7) – 3:0 (25-17, 25-22, 27-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Берденов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 77-64. Матч уақыты: 80 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау).

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК (1) – «Тараз» ВК (4) – 2:3 (25-19, 22-25, 25-22, 28-30, 14-16)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 114-112. Матч уақыты: 134 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау).

«Буревестник» (2) – «Павлодар» ВК (3) – 1:3 (21-25, 21-25, 25-23, 20-25)

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ, Берденов. Доп айырмасы: 87-98. Матч уақыты: 112 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Атырау).

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика