Главная / Высшая лига / Жоғарғы лига жігіттері бейтарап алаңда додаға түседі chempionat-rk

Жоғарғы лига жігіттері бейтарап алаңда додаға түседі

26/02/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

3-тур (27 ақпан – 3 наурыз 2023, Астана)

Дүйсенбі күні, 27 ақпанда, ерлер арасындағы Жоғарғы лига клубтары 2022/23 жылдар маусымындағы ҚР чемпионатының үшінші турын бастайды. Ол осы дивизиондағы клубтардың бәріне бейтарап алаңда, яғни Астана қаласында өтеді.

Еліміздің астанасы 2022/23 жылдар маусымындағы ел чемпионаты картасындағы 11-ші қала болады. Лигадағы командалардың ареналары дәл осы уақыт аралығында бос болмай, Федерация бұл турды бәріне бейтарап алаңда өткізу туралы шешім қабылдауға мәжбүр етті. Әрі үшінші тур «non-stop» режімінде өтіп, әдеттегідей демалыс күні болмай, бес күнде барлық ойындар өткізіледі.

Қараша және желтоқсан айларында, Талдықорған мен Қызылордада өткен екі турдағы матчтардан соң «Жетісу-Жастар» командасы көш бастап келеді. «Тұран» олардан бес ұпай, ал «Шымкент-Динамо» ВК сегіз ұпай кем жинап, үштікті түйіндеп тұр. Дәл осы үштік былтырғы 2021/22 жылдар маусымының жүлделі орындарына ие болған. Тек дәл қазіргі сап түзеген орындарынан – кері ретте. Жалпы, Астанада бұл Лига үшін ел чемпионатының бірінші бөлігі аяқталады.

Дүйсенбі күнгі ойындардың ішінен орталық матч ретінде «Шымкент-Динамо» мен «Қайсар» арасындағы кездесуді бөле-жара атап өтуге болады. Бастапқы екі турда олар бірін-бірі алма-кезек жеңіп, тең түсіп тұр. Бұл ойын екі ұжым үшін де аса маңызды болатыны анық. Оны турнир кестесіндегі жағдайларынан да байқауға болады.

Нағыз тартысты додалар екінші ойын күні басталады. Көш басындағы жетісулық жігіттер сейсенбі күні «Тұран», ал сәрсенбіде «Шымкент-Динамо» ВК волейболшыларымен кездеседі. Жоғарыда жазғанымыздай, екеуі де – басты бәсекелестері.

Үшінші тур ойындары сағат 10:00-де, 12:30-да және 15:00-де басталады.

================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

================================================

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

================================================

3-тур (27 ақпан – 3 наурыз 2023, Астана)

Астана. «ASPAN» с/к

* Астана уақытымен

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

26 02 ЖЛЕ тк.png

26 02 ЖЛЕ он.png

27 ақпан (дүйсенбі)

(10:00) «Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау»

(12:30) «Қайсар» – «Шымкент-Динамо» ВК

(15:00) «Тұран» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

28 ақпан (сейсенбі)

(10:00) «Маңғыстау» – «Қайсар»

(12:30) «Жетісу-Жастар» – «Тұран»

(15:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Шымкент-Динамо» ВК

1 наурыз (сәрсенбі)

(10:00) «Тұран» – «Маңғыстау»

(12:30) «Қайсар» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(15:00) «Шымкент-Динамо» ВК – «Жетісу-Жастар»

2 наурыз (бейсенбі)

(10:00) «Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(12:30) «Жетісу-Жастар» – «Қайсар»

(15:00) «Тұран» – «Шымкент-Динамо» ВК

3 наурыз (жұма)

(10:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Жетісу-Жастар»

(12:30) «Шымкент-Динамо» ВК – «Маңғыстау»

(15:00) «Қайсар» – «Тұран»

================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика