Главная / Высшая лига / Жоғарғы лига – Жайық жағасында chempionat-rk

Жоғарғы лига – Жайық жағасында

09/02/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал)

Қаңтар айындағы каникулдан кейін (Ұлттық лига шеберлері ғана қаңтарда дем алған жоқ) ел чемпионатының төрт дивизионы, яғни Жоғарғы және Жастар лигалары, жүлделі орындарды сарапқа салуды қайта сабақтайды. Бұлардың ішінде бірінші болып, 2023 жылғы маусымды қыз-келіншектер арасындағы командалар бастайды – әуелі Жоғарғы лигадағы, іле-шала бойжеткендер дивизионындағы. Сенбі күні, 11 ақпанда, Оралдағы ОЖСШМ (Облыстық Жоғарғы Спорт Шеберлігі Мектебі) спортзалында Жоғарғы лига командалары арасындағы үшінші тур басталады.

Қараша және желтоқсан айларында Шымкентте өткен екі турдан кейін бұл Лигада «Шымкент» ВК көш бастап келеді. «Тараз» ВК қыздары олардан төрт ұпай кем жинады. Екеуі бір-бірін бір реттен ұтты. Бірақ «Тараз» арулары желтоқсандағы матчта тай-брейкте ғана басым болды. Екеуара үшінші ойын алдағы жексенбі күні, 12 ақпанда өтеді.

Үшінші турды өз алаңында өткізетін «Грация-KZ» көшбасшыдан тоғыз, ал «Тараздан» бес ұпай айырмасымен қалып келеді. Есесіне, Орал клубы өзінен кейін орналасқан «Ақтөбе» ВК командасынан сегіз ұпай айырмасымен ұзап кетіп, емін-еркін тыныстап тұр. Енді Айна Ғұбашеваның шәкірттері өз жанкүйерлері алдында көш басындағы екі ұжыммен тайталасып көреді деп болжауға болады. «Грация-KZ» екінші турда «Таразды» тай-брейкте әбден састырып, ал «Шымкентпен» кездескенде, бір партияда басым болған. Сондықтан, Оралда көшбасындағы екі ұжым алаң иелерімен ұпай бөлісіп немесе жоғалтып жатса, оған таң қалмаймыз.

Бұл лигадағы командалардың бәрі 10 ойыннан өткізсе де, турнир кестесінде әлі бір «нөль» сақталып тұр. Таратып айтар болсақ, Теміртау «қарлығаштары» әлі жеңіске жеткен емес. Әйтсе де, көш соңындағы ұжым екінші турда бар күш-жігерін салып, жанкештілік танытты. Екі матчта тай-брейкке дейін тайталасып, биылғы маусымдағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді. Енді, тура солай, тай-брейкте болсын, бірінші жеңістеріне куә болу ғана қалды.

Үшінші турдағы матчтар жергілікті уақытпен сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де басталады.

============================================================

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

============================================================

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-ші тур (12-17 қараша 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

============================================================

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал)

Орал. ОЖСШМ СЗ

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 14 ақпан – демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфир арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

07 02 жләк.png

07 02 жләон.png

11 ақпан (сенбі)

(12:00) «Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Тараз» ВК – «Атырау» ВК

(16:00) «Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК

12 ақпан (жексенбі)

(12:00) «Шымкент» ВК – «Тараз» ВК

(14:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК

(16:00) «Атырау» ВК – «Грация-KZ»

13 ақпан (дүйсенбі)

(12:00) «Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК

(16:00) «Грация-KZ» – «Шымкент» ВК

15 ақпан (сәрсенбі)

(12:00) «Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК

(14:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК

(16:00) «Тараз» ВК – «Грация-KZ»

16 ақпан (бейсенбі)

(12:00) «Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК

(14:00) «Атырау» ВК – «Шымкент» ВК

(16:00) «Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары»

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика