Главная / Высшая лига / Жоғарғы лига қорытындысы екі күн бұрын белгілі chempionat-rk

Жоғарғы лига қорытындысы екі күн бұрын белгілі

14/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

5-тур (11-16 сәуір 2023 ж., Орал)

Оралда өтіп жатқан, әйелдер арасындағы Жоғарғы лига клубтарының соңғы, яғни бесінші турындағы үшінші ойын күні жүлдегерлердің бәрі, іс жүзінде түгелдей анықталды.

«Шымкент» ВК клубы топ жарған соң, іле-шала «Тараз» ВК қыздары екінші орынды иеленді. Бұл әулиеаталықтардың соңғы жеті жылдағы, яғни Жоғарғы дивизион құрылғалы, оны «А» және «В» лигасы деп бөлмегендегі – үшінші күміс жүлдесі (үш рет Лига жеңімпазы атанған).

Биылғы маусымда үшінші орын соңғы турдағы алаң иесі «Грация-KZ» аруларына бұйырды. Бұл Орал командасының – осы дивизионда еншілеп отырған екінші қола жүлдесі. Бұдан бөлек, олар екі мәрте күміс жүлдегер атанып, бір рет Лига жеңімпазы атанған болатын.

Турнир кестесін «Елисеев Қарлығаштары» түйіндеді. Бейсенбі күні Теміртау командасы «Тараз» ВК қыздарымен өткен ойында бір ұпай олжалап, өздерінің ұстазы, ҚР және КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы, осыдан тура бір жыл бұрын өмірден өткен Валерий Елисеевті еске түсіруге арнады.

Бейсенбідегі тағы бір матч тай-брейкке дейін созылып, «Ақтөбе» ВК арулары төртінші рет «Атырау» ВК қыздарынан басым түсті. Ақтөбеліктерден бес ұпайы кем атыраулықтардың қалған екі матчта оларды қуып жетуі теория жүзінде мүмкін болғанымен, іс жүзінде өте қиын сияқты.

Жұма күні Жоғары лига командалары биылғы ел біріншілігінде соңғы рет дем алады. Ал сенбі мен жексенбіде соңғы ойындарын өткізеді. Қалған матчтар жергілікті уақытпен сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де басталады.

============================================================

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

============================================================

5-тур (11-16 сәуір 2023 ж., Орал). Чемпион – «Шымкент» ВК

4-тур (08-13 наурыз 2023 ж., Атырау). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-ші тур (12-17 қараша 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

============================================================

5-тур (11-16 сәуір 2023 ж., Орал)

Орал. ОЖСШМ с/з

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 14 сәуір – демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфир арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: А.Исабаева; Төрешілер: Н.Шәменов, Ж.Бақтығалиев, В.Канакаев; Бас хатшы: А.Сухарева.

16 сәуір (жексенбі)

(12:00) «Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК

(14:00) «Атырау» ВК – «Шымкент» ВК

(16:00) «Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары»

15 сәуір (сенбі)

(12:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК

(14:00) «Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК

(16:00) «Тараз» ВК – «Грация-KZ»

04 14 ЖЛӘ тк.png

13 сәуір

«Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:2 (23-25, 25-12, 25-21, 27-29, 15-10)

Төрешілер: Бақтығалиев, Шәменов. Доп айырмасы: 115-97. Матч уақыты: 109 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Шымкент), 3:2 (Шымкент), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК – 3:2 (23-25, 17-25, 25-20, 25-17, 19-17)

Төрешілер: Канакаев, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 109-104. Матч уақыты: 144 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Шымкент), 3:0 (Шымкент), 2:3 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Шымкент» ВК – «Грация-KZ» – 3:0 (25-22, 25-15, 25-16)

Төрешілер: Шәменов, Канакаев. Доп айырмасы: 75-53. Матч уақыты: 71 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Шымкент), 3:1 (Шымкент), 3:2 (Орал), 3:0 (Атырау).

12 сәуір

«Шымкент» ВК – «Тараз» ВК – 3:0 (25-13, 26-24, 25-19)

Төрешілер: Канакаев, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 76-56. Матч уақыты: 63 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Шымкент), 2:3 (Шымкент), 3:1 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК – 0:3 (20-25, 25-27, 18-25)

Төрешілер: Бақтығалиев, Шәменов. Доп айырмасы: 63-77. Матч уақыты: 82 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Шымкент), 2:3 (Шымкент), 0:3 (Орал), 3:2 (Атырау).

«Атырау» ВК – «Грация-KZ» – 0:3 (21-25, 14-25, 21-25)

Төрешілер: Шәменов, Канакаев. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 74 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Шымкент), 0:3 (Шымкент), 3:0 (Орал), 2:3 (Атырау).

11 сәуір

«Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-19, 25-11, 25-23)

Төрешілер: Шәменов, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 75-53. Матч уақыты: 59 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Шымкент), 3:0 (Шымкент), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25-19, 25-16, 25-20)

Төрешілер: Бақтығалиев, Канакаев. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 66 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Шымкент), 3:0 (Шымкент), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК – 3:1 (25-18, 25-20, 17-25, 25-13)

Төрешілер: Канакаев, Шәменов, Плетнева. Доп айырмасы: 92-76. Матч уақыты: 99 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Шымкент), 3:1 (Шымкент), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

========================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика