Главная / Высшая лига / Жүлдегерлер былтырғы көш басында кері тұр chempionat-rk

Жүлдегерлер былтырғы көш басында кері тұр

29/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

2-ші тур (21-26 желтоқсан 2022, Қызылорда)

2022/23 жылдар маусымындағы ҚР чемпионатының ерлер арасындағы Жоғарғы лигасы екінші турды аяқтады. Былтырғы 2021/22 маусымындағы жүлдегерлер үштігі биыл да алғашқы үштікке орналасты. 2023 маусымын көшбасшы мәртебесінде Талдықорғанның «Жетісу-Жастар» командасы бастайтын болды. Былтырғы қола жүлдегер екі турда да топ жарды – өз алаңында және Қызылордада.

Былтырғы маусымның күміс жүлдегері, яғни Түркістанның «Тұран» командасы көшбасшыдан бес ұпай кем жинап, екінші орында тұр. Ал Лиганың былтырғы жеңімпазы, «Шымкент-Динамо» командасы болса, әзірше үшінші орынға орналасты.

Екінші тур біріншісіне қарағанда әлдеқайда «тыныштау» болды. 15 ойынның екеуі ғана тай-брейкке созылды (бірінші турда үш матч болған). Әрі осы екеуінде де «Маңғыстау» жан алып, жан берді. Сөйтіп, биылғы маусымдағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді, бірақ әлі жеңіске жете алмай келеді.

Жалпы, бессеттік ойындарда бәрінен көп тер төккен – «Тұран». Екі турдағы осындай бес матчтың үшеуінде түркістандықтар ойнады. Әзірше ең нәтижелі матч қараша айында, ақтөбеліктер мен шымкенттіктер арасындағы Талдықорғанда өткен матч болып отыр. Бұл ойында 226 ұпай сарапқа салынды.

жетысу-жастар-2 тур.jpg

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда)

* 24 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Бас қазы: А.Ахметов; төрешілер: Б.Нұрсұлтанов, Д.Шүшбаев, Д.Махамбетияров

29 ЖЛ Е 2 турТТ.png

21 желтоқсан

«Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау» – 3:0 (25:17, 25:22, 25:15)

«Тұран» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК– 3:0 (25:21, 25:23, 25:19)

«Қайсар» – «Шымкент-Динамо» ВК – 1:3 (15:25, 20:25, 27:25, 23:25)

22 желтоқсан

«Жетісу-Жастар» – «Тұран» – 3:1 (25:21, 26:24, 21:25, 27:25)

«Маңғыстау» – «Шымкент-Динамо» ВК– 0:3 (10:25, 18:25, 19:25)

«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Қайсар» – 3:0 (26-24, 25-19, 26-24)

23 желтоқсан

«Тұран» – «Маңғыстау» – 3:2 (25:13, 22:25, 25:23, 24:26, 15:12)

«Шымкент-Динамо» ВК – «Әлихан-Ақтөбе» ВК – 3:0 (28:26, 25:22, 25:19)

«Қайсар» – «Жетісу-Жастар – 3:0 (25:20, 28:26, 25:23)

25 желтоқсан

«Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК – 2:3 (25:23, 23:25, 22:25, 25:23, 13:15)

«Жетісу-Жастар» – «Шымкент-Динамо» ВК – 3:0 (25:19, 26:24, 25:22)

«Тұран» – «Қайсар» – 3:1 (22:25, 25:11, 25:18, 25:23)

26 желтоқсан

«Әлихан-Ақтөбе» – «Жетісу-Жастар» – 0:3 (17:25, 17:25, 17:25)

«Шымкент-Динамо» – «Тұран» – 0:3 (24:26, 20:25, 22:25)

«Қайсар» – «Маңғыстау» – 3:1 (25:20, 20:25, 25:14, 25:20)

29 ЖЛ Е ІІ турТТ.png

29 ЖЛ Е І турТК.png

мангыстау.jpg

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика