Главная / Высшая лига U-23 / «Жетісудың» жас қыздары Өскемен аруларынан да басым түсті chempionat-rk

«Жетісудың» жас қыздары Өскемен аруларынан да басым түсті

12/04/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

5-тур (08 – 13 сәуір 2023 ж., Өскемен)

Бойжеткендер арасындағы Жоғарғы дивизионның Өскеменде өтіп жатқан соңғы (бесінші) турында үшінші ойын күні аяқталды. Ертең командалар биылғы маусымдағы соңғы демалысты пайдаланып, бір күн тынығады. Енді қалғаны – он ойын ғана.

Лиганың екі дүркін жеңімпазына, атап айтқанда, Талдықорғанның «Жетісу-2» командасына өз тарихында үшінші рет бас жүлдені жеңіп алу үшін бір ғана жеңіс қажет. Алғашқы екі ойын күні жеңіске жетіп, соңғы турда көш бастаған «Жетісу-2» және «Алтай-4» қыздары дүйсенбі күні өзара кездесіп, қайсы жеңімпаз болуға лайық екендігін паш етуге тырысты.

Бұған дейінгі, биылғы маусымдағы екі матчта да Өскемен қыздары басым түскен болатын. Бірақ өз алаңында өткен үшінші және ең маңызды ойында ұтылып қалды. Әрі осы матчта ғана емес, биылғы біріншілікте де ұтылып қалғандай. Маусым басынан бергі 23 ойында бірінші және жалқы рет жеңіліске ұшыраған, үнемі көш басында ойқастаған «Төртінші» «Алтай» енді бас бәйгеден күдерін үзуі де ықтимал.

Ал Оксана Адамованың шәкірттері алға қарай нық қадам ғана емес, соны серпіліс жасады. Енді Лиганың жеті жылдық тарихында үшінші рет жеңімпаз атануы әбден мүмкін. «Алтай-3» және «Ертіс-2» командаларымен өтетін екі ойынның біреуінде жеңіске жетсе болды, ешбір ұжым қуып жете алмайды.

Бұл түйін сәрсенбіде ме, әлде бейсенбі күні шешіле ме, оны артынан білеміз. Өйткені, «Жетісу-2» енді соңғы ойын күнінен дейін көш басында тұрады. Тіпті сәрсенбі күні ұтылып қалса да, тур соңына дейін бірінші орында тұрады.

Ал «Алтай-4» өз алаңында өтіп жатқан шешуші турда екінші рет үшінші орынға ығысты. Алғашқы күнгі ойындардан соң олар «Алтай-3» ұжымындағы әріптестерінен доп айырмасы бойынша төмен тұрған. Ал үш ойыннан кейін жерлестерінен тіпті партия айырмасы бойынша да қалып келеді.

«Алтайдың» екі құрамынан да «Тұран-2» және «Ертіс-2» қыздары бір ұпай айырмасымен кейін орналасқан. Бір күнгі демалыстан соң бұл екеуі өзара кездесіп, маусым қорытындысында қайсысы бесінші орынға орналасатындығын анықтайтын болады. Ал енді ешқандай ынта-зауықтары қалмаған «Алматы-2» арулары Өскеменнің екі командасымен кездеседі.

Сәрсенбіні асыға да, тағатсыздана күтіп, дода көрігі одан әрі қыза түсер деп үміттенеміз.

Бұл турдағы матчтар сағат 10:00-де, 12:00-де, 14:00-де, 16:00-де және 18:00-де басталады.

=================================================

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

=================================================

2-айналым (12.02 – 12.03.2023 жыл, Өскемен, Қарағанды). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

=================================================

5-тур (08-13 сәуір 2023 ж., Өскемен)

Николай Благовты еске түсіруге арналған

Өскемен. ШҚО ОРМБЖСМ

* Астана уақытымен

* 11 сәуір – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: А.Ахметов; Төрешілер: Б.Нұрсұлтанов Ғ.Әбдірейімов, С.Досболов, Б.Ахадиянов Н.Мұқажанов. Бас хатшы: Д.Измайлов.

13 сәуір (бейсенбі)

(10:00, 7-11 о/ү) «Ару-Астана-2» – «Айқаракөз-2»

(12:00, 7-11 о/ү) «Қуаныш-2» – «Қарағанды-2» ВК

(14:00, 1-6 о/ү) «Жетісу-2» – «Ертіс-2»

(16:00, 1-6 о/ү) «Алматы-2» ВК – «Алтай-3»

(18:00, 1-6 о/ү) «Тұран-2» – «Алтай-4»

«Қуаныш СК-2» – дем алады

12 сәуір (сәрсенбі)

(10:00, 7-11 о/ү) «Айқаракөз-2» – «Қуаныш СК-2»

(12:00, 7-11 о/ү) «Қарағанды-2» ВК – «Ару-Астана-2»

(14:00, 1-6 о/ү) «Ертіс-2» – «Тұран-2»

(16:00, 1-6 о/ү) «Алтай-3» – «Жетісу-2»

(18:00, 1-6 о/ү) «Алтай-4» – «Алматы-2» ВК

«Қуаныш-2» – дем алады

12 04 ҚҚДҚ тк.png

10 сәуір («Айқаракөз-2» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Қарағанды-2» ВК – 2:3 (15-25, 25-20, 22-25, 25-19, 6-15)

Төрешілер: Ахадиянов, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 93-104. Матч уақыты: 108 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Ару-Астана-2» – «Қуаныш-2» – 3:1 (25-20, 25-21, 17-25, 25-23)

Төрешілер: Мұқажанов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 92-89. Матч уақыты: 100 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен), 3:1 (Қарағанды).

«Алтай-3» – «Ертіс-2» – 3:0 (25-11, 25-20, 25-10)

Төрешілер: Досболов, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 75-41. Матч уақыты: 61 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Алматы-2» ВК – «Тұран-2» – 0:3 (15-25, 8-25, 20-25)

Төрешілер: Әбдірейімов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 43-75. Матч уақыты: 56 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 1:3 (Өскемен).

«Жетісу-2» – «Алтай-4» – 3:1 (15-25, 25-23, 25-23, 25-22)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Досболов. Доп айырмасы: 90-93. Матч уақыты: 107 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Петропавл), 1:3 (Өскемен).

09 сәуір («Ару-Астана-2» дем алды)

«Қуаныш-2» – «Қуаныш СК-2» – 0:3 (12-25, 17-25, 14-25)

Төрешілер: Мұқажанов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 43-75. Матч уақыты: 67 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 0:3 (Өскемен).

«Қарағанды-2» ВК – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25-22, 25-16, 25-20)

Төрешілер: Ахадиянов, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 75-58. Матч уақыты: 62 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен), 3:0 (Қарағанды).

«Ертіс-2» – «Алматы-2» ВК – 3:1 (25-21, 18-25, 25-18, 25-22)

Төрешілер: Әбдірейімов, Досболов. Доп айырмасы: 93-86. Матч уақыты: 94 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Өскемен), 3:2 (Қарағанды).

«Тұран-2» – «Жетісу-2» – 1:3 (20-25, 25-21, 23-25, 19-25)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 87-96. Матч уақыты: 102 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Петропавл), 1:3 (Өскемен).

«Алтай-4» – «Алтай-3» – 3:1 (25-19, 26-24, 22-25, 25-16)

Төрешілер: Досболов, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 98-84. Матч уақыты: 107 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Өскемен), 3:2 (Қарағанды).

08 сәуір («Қарағанды-2» дем алды)

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-15, 25-15, 25-16)

Төрешілер: Ахадиянов, Досболов. Доп айырмасы: 75-46. Матч уақыты: 68 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен), 3:1 (Қарағанды).

«Қуаныш СК-2» – «Ару-Астана-2» – 3:2 (25-23, 23-25, 25-16, 11-25, 15-11)

Төрешілер: Мұқажанов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 99-100. Матч уақыты: 114 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Өскемен), 3:0 (Қарағанды).

«Алтай-3» – «Тұран-2» – 3:2 (25-19, 22-25, 25-11, 22-25, 15-13)

Төрешілер: Әбдірейімов, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 109-93. Матч уақыты: 109 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:1 (Қарағанды).

«Жетісу-2» – «Алматы-2» ВК – 3:0 (25-23, 25-19, 25-21)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 69 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:1 (Қарағанды).

«Алтай-4» – «Ертіс-2» – 3:2 (25-19, 25-23, 23-25, 17-25, 15-11)

Төрешілер: Досболов, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 105-103. Матч уақыты: 120 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен), 3:2 (Қарағанды).

=================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика