Главная / Высшая лига U-23 / «Жетісу» көктемде «тасып жатыр» chempionat-rk

«Жетісу» көктемде «тасып жатыр»

11/04/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

5-тур (08 – 13 сәуір 2023 ж., Өскемен)

Өскеменде бойжеткендер арасындағы Жоғарғы дивизионның соңғы, бесінші туры басталды. Бастапқы екі күнгі ойындардан соң «Жетісу-2» қыздары ғана жүз пайыздық көрсеткішпен көш бастап келеді. Ал екі команда әлі «соқыр» ұпайға да қол жеткізе алар емес.

Екі айналымдық додадан соң екіге бөлініп, бұған дейінгі ұпайлары есепке алынбай, бәрін басынан бастап жатқан командалар шешуші дода көрігін қыздыра түсті. Бірінші күнгі сенбіде өткен матчтардан соң, 10 команданың сегізі бірдей ұпай еншіледі. Яғни, бес ойынның үшеуі тай-брейкке ұласты.

Екі «Алтай» да («Төртінші» және «Үшінші») «Ертіс» пен «Тұранның» фарм-клубтарымен өткен матчтарда бір ұпайдан жоғалтты. Ал Талдықорғанның екі командасы, атап айтқанда, «Жетісу» мен «Айқаракөздің» қосалқы құрамдары шешуші кезеңді жеңіспен бастап, әрқайсысы үш ұпайдан олжалады.

Жексенбі күні матч жеңімпазын анықтау үшін бес сеттік ойындар қажет болған жоқ. «Жетісу-2» және «Алтай-4» осы турдағы екінші жеңістеріне қол жеткізіп, енді жүлдесіз қалмайтындарын меңзегендей болды. Дүйсенбі күні екеуі өзара кездесіп, биыл қайсысының топ жарарын анықтаулары әбден мүмкін.

Дүйсенбідегі тағы бір ойын жүлделі орындардан үмітті үшінші команданың тағдырын шешуі ықтимал. Екі «Алтай» мен «Жетісу-2» арасындағы қызу бәсекеге «Ертіс-2» қыздары да «тұмсығын тығып» отыр. Ал «Алтай-3» арулары жүлделі үштікке қайта оралу үшін керекуліктерді ұтуғы тырысады. Алайда олар бұған көне қояр ма екен?!

Жалпы, биылғы маусымның шешуші кезеңіндегі Павлодар клубтарының барлығының нәтижелері мен өнерлерін есепке алсақ, керекуліктер үшін «күтпеген нәтиже» деген сөзді мүлдем ойламау керек. Өйткені олар ең маңызды сәттерде қамшыны басып, сүйсіндіріп жүр.

Өкінішке қарай, «Тұран-2» және «Алматы-2» қыздарының көңіл-күйлері – пәс. Олар алғашқы екі күнгі ойындарда жеңілістің кермек дәмін татты. Енді жүлделі орындарға «сына қағулары» – екіталай. Әйтсе де, намысты қолдан бермей, өздерінің ендігі мұраттарына жүзеге асырулары керек.

Бұл турдағы матчтар сағат 10:00-де, 12:00-де, 14:00-де, 16:00-де және 18:00-де басталады.

=================================================

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

=================================================

2-айналым (12.02 – 12.03.2023 жыл, Өскемен, Қарағанды). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

=================================================

5-тур (08-13 сәуір 2023 ж., Өскемен)

Николай Благовты еске түсіруге арналған

Өскемен. ШҚО ОРМБЖСМ

* Астана уақытымен

* 11 сәуір – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: А.Ахметов; Төрешілер: Б.Нұрсұлтанов Ғ.Әбдірейімов, С.Досболов, Б.Ахадиянов Н.Мұқажанов. Бас хатшы: Д.Измайлов.

10 сәуір (дүйсенбі)

(10:00, 7-11 о/ү) «Қуаныш СК-2» – «Қарағанды-2» ВК

(12:00, 7-11 о/ү) «Ару-Астана-2» – «Қуаныш-2»

(14:00, 1-6 о/ү) «Алтай-3» – «Ертіс-2»

(16:00, 1-6 о/ү) «Алматы-2» ВК – «Тұран-2»

(18:00, 1-6 о/ү) «Жетісу-2» – «Алтай-4»

«Айқаракөз-2» – дем алады

04 12 МЛД тк2.png

09 сәуір («Ару-Астана-2» дем алды)

«Қуаныш-2» – «Қуаныш СК-2» – 0:3 (12-25, 17-25, 14-25)

Төрешілер: Мұқажанов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 43-75. Матч уақыты: 67 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 0:3 (Өскемен).

«Қарағанды-2» ВК – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25-22, 25-16, 25-20)

Төрешілер: Ахадиянов, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 75-58. Матч уақыты: 62 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен), 3:0 (Қарағанды).

«Ертіс-2» – «Алматы-2» ВК – 3:1 (25-21, 18-25, 25-18, 25-22)

Төрешілер: Әбдірейімов, Досболов. Доп айырмасы: 93-86. Матч уақыты: 94 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Өскемен), 3:2 (Қарағанды).

«Тұран-2» – «Жетісу-2» – 1:3 (20-25, 25-21, 23-25, 19-25)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 87-96. Матч уақыты: 102 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Петропавл), 1:3 (Өскемен).

«Алтай-4» – «Алтай-3» – 3:1 (25-19, 26-24, 22-25, 25-16)

Төрешілер: Досболов, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 98-84. Матч уақыты: 107 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Өскемен), 3:2 (Қарағанды).

08 сәуір («Қарағанды-2» дем алды)

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-15, 25-15, 25-16)

Төрешілер: Ахадиянов, Досболов. Доп айырмасы: 75-46. Матч уақыты: 68 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен), 3:1 (Қарағанды).

«Қуаныш СК-2» – «Ару-Астана-2» – 3:2 (25-23, 23-25, 25-16, 11-25, 15-11)

Төрешілер: Мұқажанов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 99-100. Матч уақыты: 114 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Өскемен), 3:0 (Қарағанды).

«Алтай-3» – «Тұран-2» – 3:2 (25-19, 22-25, 25-11, 22-25, 15-13)

Төрешілер: Әбдірейімов, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 109-93. Матч уақыты: 109 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:1 (Қарағанды).

«Жетісу-2» – «Алматы-2» ВК – 3:0 (25-23, 25-19, 25-21)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 69 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:1 (Қарағанды).

«Алтай-4» – «Ертіс-2» – 3:2 (25-19, 25-23, 23-25, 17-25, 15-11)

Төрешілер: Досболов, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 105-103. Матч уақыты: 120 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен), 3:2 (Қарағанды).

12 сәуір (сәрсенбі)

(10:00, 7-11 о/ү) «Айқаракөз-2» – «Қуаныш СК-2»

(12:00, 7-11 о/ү) «Қарағанды-2» ВК – «Ару-Астана-2»

(14:00, 1-6 о/ү) «Ертіс-2» – «Тұран-2»

(16:00, 1-6 о/ү) «Алтай-3» – «Жетісу-2»

(18:00, 1-6 о/ү) «Алтай-4» – «Алматы-2» ВК

«Қуаныш-2» – дем алады

13 сәуір (бейсенбі)

(10:00, 7-11 о/ү) «Ару-Астана-2» – «Айқаракөз-2»

(12:00, 7-11 о/ү) «Қуаныш-2» – «Қарағанды-2» ВК

(14:00, 1-6 о/ү) «Жетісу-2» – «Ертіс-2»

(16:00, 1-6 о/ү) «Алматы-2» ВК – «Алтай-3»

(18:00, 1-6 о/ү) «Тұран-2» – «Алтай-4»

«Қуаныш СК-2» – дем алады

=================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика