Главная / Высшая лига / «Жетісу» есе қайтарды chempionat-rk

«Жетісу» есе қайтарды

23/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

2-ші тур (21-26 желтоқсан 2022, Қызылорда)

2022/23 маусымындағы ҚР чемпионатының ерлер арасындағы Жоғарғы лигасында екінші турдың ойындары жалғасты. Қызылорда төріндегі екінші ойын күні екі көшбасшы кездесті – «Жетісу-Жастар» (Талдықорған) және «Тұран» (Түркістан).

Жетісу өңірінен келген ұжым бұл ойында жеңіске жетіп, бірінші турдағы өз алаңында жіберген есесін қайтарды. Әрі көшбасшылық мәртебесін нығайтып, екінші орындағы «Тұранды» төмен сырғытқан, Лиганың былтырғы маусымдағы жеңімпазы «Шымкент-Динамо» командасынан бес ұпай ұзап кетті.

Ал алаң иелері «Қайсар» қырандары шымкенттіктерден кейін «Әлихан-Ақтөбе» жігіттерінен де ұтылып қалып, өз жерінде екінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Қызылордалықтар жұма күні қарымды көшбасшымен кездеседі. Көрермендерін қуанышқа бөлеу ықтималдығы төмендеп бара жатқандай.

Бұл турдағы матчтар жергілікті уақытпен сағат 13:00-де, 15:30-да және 18:00-де басталады. Астана уақытымен айырмасы +1 сағат екенін естеріңізге саламыз.

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда) 1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда)

Қызылорда. «Мұз айдыны» СК

* Астана уақытымен (+1 сағат, Қызылорда уақыты бойынша)

* 24 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Бас қазы: А.Ахметов; төрешілер: Б.Нұрсұлтанов, Д.Шүшбаев, Д.Махамбетияров; бас хатшы: А.Байдосова

23 желтоқсан (жұма)

(13:00) «Тұран» – «Маңғыстау»

(15:30) «Шымкент-Динамо» ВК – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(18:00) «Қайсар» – «Жетісу-Жастар»

23-ЖЛ Е т.png

22 желтоқсан

«Жетісу-Жастар» – «Тұран» – 3:1 (25:21, 26:24, 21:25, 27:25)

Төрешілер: Шүшбаев, Махамбетияров. Доп айырмасы: 99-95. Матч уақыты: 138 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Талдықорған)

«Маңғыстау» – «Шымкент-Динамо» ВК– 0:3 (10:25, 18:25, 19:25)

Төрешілер: Махамбетияров, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 47-75. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған)

«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Қайсар» – 3:0 (26-24, 25-19, 26-24)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Шүшбаев. Доп айырмасы: 77-67. Матч уақыты: 90 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Талдықорған)

21 желтоқсан

«Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау» – 3:0 (25:17, 25:22, 25:15)

Төрешілер: Махамбетияров, Шүшбаев. Доп айырмасы: 75-54. Матч уақыты: 75 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған)

«Тұран» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК– 3:0 (25:21, 25:23, 25:19)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Махамбетияров. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 72 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Талдықорған)

«Қайсар» – «Шымкент-Динамо» ВК – 1:3 (15:25, 20:25, 27:25, 23:25)

Төрешілер: Шүшбаев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 85-100. Матч уақыты: 113 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған)

25 желтоқсан (жексенбі)

(13:00) «Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(15:30) «Жетісу-Жастар» – «Шымкент-Динамо» ВК

(18:00) «Тұран» – «Қайсар»

26 желтоқсан (дүйсенбі)

(13:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Жетісу-Жастар»

(15:30) «Шымкент-Динамо» ВК – «Тұран»

(18:00) «Қайсар» – «Маңғыстау»

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика