Главная / Главные Новости / «Жетісу» Алматы аруларының алдын орады chempionat-rk

«Жетісу» Алматы аруларының алдын орады

28/02/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

4-тур (25 ақпан – 02 наурыз 2023 жыл, Түркістан)

Әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың екінші кезеңінде қысқы ойындар бағдарламасы аяқталып, Түркістанда өтіп жатқан төртінші турдың үшінші күнгі ойындарымен түйінделді. Өйткені, сейсенбі күні демалыс, яғни сәрсенбіде барлық клубтар алаңға көктемгі көңіл-күймен шығады.

«Жетісу» қыздарының жексенбі күнгі, «Алматы» ВК аруларынан басым түскен жеңісі стратегиялық жоспар негізінде маңызды болып, турнир кестесін шиеленістіре түсуге ықпалын тигізді. Талдықорған қыздары дүйсенбіде «Қарағанды» клубын да ұтып, екінші турда Өскеменде жіберген еселерін қайтарды. Сөйтіп, ұпай саны бойынша алматылықтармен теңесті. Әрі жеңістерінің саны артық болғандықтан, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Үшінші орынға таласу қызығы енді қызады. Екі командаға да алдағы күндері «Ертіспен» және көш басындағы екі қарымды клубтың бірімен ойнау керек. Нақтырақ айтқанда, алматылықтар «Қуанышпен», ал талдықорғандықтар «Алтаймен» кездеседі. Бірақ көшбасшылардың екеуі де осы кезеңдегі өз мақсаттарына әлдеқашан қол жеткізіп қойған. Яғни көш басындағы қос ұжымды енді ешбір команда қуып жете алмайды.

Турнир кестесіндегі жағдай осыдан бір күн бұрынғы қалпында сақталып тұрғанда, «Жетісу» – «Алтай» және «Алматы» ВК – «Қуаныш» кездесулері плей-офф додасының жартылай финалдық сатысындағы матчтарға дайындық іспетті болар еді. Бірақ қазіргі жағдай – басқаша. Әйтсе де, Юлия Толкушинаның шәкірттеріне оны түзеуге болады, әлі де. Ол үшін сәрсенбі күні клубтық Азия чемпионын ұту керек, тым болмаса тай-брейкте. Өйткені, бұл матчтың нәтижесі өздеріне ешқандай әсер етпейтін болғандықтан, қарсыласы бар күш-жігерін салмауы да мүмкін.

Плей-офф сатысында бақ сынауға құқық беретін, сегізінші орынды сарапқа салып жатқан командалар арасындағы бәсеке де әлі шешілген жоқ. «Алтайдың» екінші құрамына қалған матчтарда тек жеңіске жету керек. Әрі басты екі бәсекелесін де, яғни «Айқаракөз» және «Тұран» клубтарын тай-брейкте емес, «таза» ұту қажет. Қараша айында, Петропавлда өткен турда олар аталған екі ұжымды да дәл солай тізе бүктірген. Ал осы жолы қалай болар екен? Сәрсенбіде «Айқаракөз» аруларымен додаға түсу керек.

Ал көктемнің бірінші күні, 2021/2022 жылдар маусымындағы, яғни былтырғы Жастар лигасының жеңімпазы, биыл Ұлттық лигада бірінші рет өнер көрсетіп жүрген Петропавл қаласының «Қуаныш СК» командасы 11 клубтың ішінде бірінші болып, ел чемпионатын 10-орынмен тәмамдайды. Биылғы маусымдағы соңғы қарсыласы, өздері сияқты Ұлттық лигаға биыл ғана қосылған «Тұран» қыздары болады.

Ертеңгі матчтар да сағат 10:00-де, 12:30-да, 13:00-де («Балуан Шолақ» с/к), 15:00-де және 17:30-да басталады.

==================================================

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

==================================================

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен). Жеңімпаздар – «Алтай»; «Айқаракөз» және «Тұран»

1-айналым (16 қараша – 27 желтоқсан 2022. Петропавл, Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

==================================================

4-тур, 2-кезең (25 ақпан – 02 наурыз 2023 жыл, Түркістан)

Түркістан, «Olympic centr» және «Балуан Шолақ» с/к

* Астана уақытымен

* 28 ақпан – демалыс күні

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында, тікелей эфирде

* Тікелей эфир арқылы «QAZSPORT» телеарнасында көрсетіледі (сағат 13:00-де басталып, «Балуан Шолақ» с/к өтетін матчтардан басқасы).

Төрешілер: А.Ғұбашева, Н.Өмірзақ, О.Саттарова, Қ.Айдарбеков, С.Берденов, Д.Шүшбаев.

Бас қазы: А.Кувшинов.

Бас хатшы: Д.Баетов

«А» тобы: «Алтай», «Қуаныш», «Алматы» ВК, «Жетісу», «Қарағанды» ВК, «Ертіс».

«Б» тобы: «Алтай-2», «Айқаракөз», «Тұран», «Қуаныш СК», «Ару-Астана»

02 наурыз (бейсенбі)

(13:00, «Б») «Ару-Астана» – «Айқаракөз»

(10:00, «А») «Қарағанды» ВК – «Қуаныш»

(12:30, «А») «Жетісу» – «Алтай»

(15:00, «Б») «Алтай-2» – «Тұран»

(17:30, «А») «Алматы» ВК– «Ертіс»

«Қуаныш СК» – дем алады

01 наурыз (сәрсенбі)

(13:00, «Б») «Айқаракөз» – «Алтай-2»

(10:00, «А») «Алтай» – «Қарағанды» ВК

(12:30, «А») «Ертіс» – «Жетісу»

(15:00, «А») «Қуаныш» – «Алматы» ВК

(17:30, «Б») «Тұран» – «Қуаныш СК»

«Ару-Астана» – дем алады

02 28 ҰЛӘ тк.png

27 ақпан («Тұран» дем алды)

«Алтай-2» – «Ару-Астана» – 3:0 (28-26, 25-20, 25-11)

Төрешілер: Айдарбеков, Саттарова. Доп айырмасы: 78-57. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Қуаныш СК» – «Айқаракөз» – 0:3 (16-25, 20-25, 20-25)

Төрешілер: Саттарова, Айдарбеков. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 1:3 (Өскемен).

«Қуаныш» – «Ертіс» – 3:0 (25-12, 25-9, 25-18)

Төрешілер: Берденов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-39. Матч уақыты: 52 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

«Қарағанды» ВК – «Жетісу» – 1:3 (19-25, 25-18, 17-25, 14-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Ғұбашева. Доп айырмасы: 75-93. Матч уақыты: 90 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 3:1 (Өскемен).

«Алматы» ВК – «Алтай» – 0:3 (17-25, 20-25, 11-25)

Төрешілер: Шүшбаев, Берденов. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 0:3 (Өскемен).

26 ақпан («Алтай-2» дем алды)

«Ару-Астана» – «Қуаныш СК» – 3:2 (25-17, 21-25, 18-25, 25-16, 16-14)

Төрешілер: Шүшбаев, Айдарбеков. Доп айырмасы: 105-97. Матч уақыты: 113 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 1:3 (Өскемен).

«Жетісу» – «Алматы» ВК – 3:0 (25-22, 25-20, 25-22)

Төрешілер: Саттарова, Берденов. Доп айырмасы: 75-64. Матч уақыты: 83 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 3:2 (Өскемен).

«Алтай» – «Қуаныш» – 3:1 (23-25, 25-18, 25-16, 25-10)

Төрешілер: Өмірзақ, Саттарова. Доп айырмасы: 98-69. Матч уақыты: 98 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Айқаракөз» – «Тұран» – 0:3 (17-25, 19-25, 12-25)

Төрешілер: Ғұбашева, Өмірзақ. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 66 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:2 (Өскемен).

«Ертіс» – «Қарағанды» ВК – 2:3 (22-25, 15-25, 25-21, 25-20, 11-15)

Төрешілер: Берденов, Ғұбашева. Доп айырмасы: 98-106. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Талдықорған), 0:3 (Өскемен).

25 ақпан («Айқаракөз» дем алды)

«Қуаныш СК» – «Алтай-2» – 1:3 (16-25, 25-20, 18-25, 17-25)

Төрешілер: Берденов, Айдарбеков. Доп айырмасы: 76-95. Матч уақыты: 88 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 3:2 (Өскемен).

«Алтай» – «Ертіс» – 3:0 (25-14, 25-12, 25-12)

Төрешілер: Айдарбеков, Берденов. Доп айырмасы: 75-38. Матч уақыты: 49 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

«Алматы» ВК – «Қарағанды» ВК – 3:0 (25-19, 25-21, 25-22)

Төрешілер: Ғұбашева, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 75 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

«Қуаныш» – «Жетісу» – 3:0 (25-20, 25-20, 25-19)

Төрешілер: Өмірзақ, Саттарова. Доп айырмасы: 75-59. Матч уақыты: 72 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Тұран» – «Ару-Астана» – 3:0 (25-13, 25-7, 25-16)

Төрешілер: Саттарова, Шүшбаев. Доп айырмасы: 75-36. Матч уақыты: 57 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

==================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика