Главная / Высшая лига / Желтоқсан қорытындысы chempionat-rk

Желтоқсан қорытындысы

30/12/2022

ҚР чемпионаты-2022/23.

Қыс мезгілінің бірінші айы биылғы маусымның 2022 жылғы бөлігін қорытындылап берді. Алты дивизион түгелдей регламентте жоспарланған екінші турлардағы ойындарын аяқтады. Жоғарғы лиганың екеуіндегі, сондай-ақ ерлер арасындағы Ұлттық лига мен Жастар лигасындағы командалар бір-бірімен екі мәрте кездесіп шықса, әйелдер арасындағы Ұлттық лига мен олардың қосалқы құрамдары арасындағы ұжымдар тек бірінші айналымды тәмамдады. Бұларға клубтық Әлем чемпионатының шешуші кезеңін қосуға болады, себебі оның әйелдер арасындағы додасында үшінші рет Қазақстан клубы бақ сынады.

Екінші турда волейбол додаларын Өскемен мен Қызылорда жанкүйерлері де өз көзбе-көз тамашалай алды. Ал Алматы, Шымкент және Талдықорған қалалалары тур ойындарын өз жанкүйерлері алдында екінші рет өткізді. Ал Петропавл қаласы биылғы маусымда үш дивизионның командаларын қабылдап үлгерді. Қараша айында бір турдың ойындары Атырауда өткенін де ескерте кеткіміз келеді. Қаңтарда бұл қалалардың қатарына Павлодар қосылып, ақпанда Орал да әуедоп додасына куә болады.

Жалпы, екінші турда 136 ойын өтті. Бірінші турдағы матчтар саны 10 ойынға артық болған. Әйелдер арасындағы додаларда 65 матч өтсе, ерлер арасында – 71 ойын. Төменде әр дивизионның екінші турдан кейінгі турнир кестесі берілген. Еліміздің бес қаласының клубы Жаңа жылды өз дивизионындағы жеке-дара көшбасшы мәртебесінде қарсы алады. Сондай-ақ бес клуб әлі жеңіске жетіп көрген емес, әрі олардың үшеуінде әзірше соқыр ұпай да жоқ.

Ұлттық лиганың ерлер арасындағы да, әйелдер арасындағы додаларында былтырғы чемпиондар, яғни «Атырау» ВК және «Алтай» (Өскемен) клубтары биыл да қарсылас шақ келтірер емес. Десек те, желтоқсан айында мұнайшылардың «Павлодар» ВК жігіттерімен өткен ойыны бес партияға созылып, бір ұпай жоғалтты. Осы екі Лигада көш бастаған үздіктердің ҚР кубогы – 2022 финалындағы және ҚР Суперкубогы – 2022 матчындағы қарсыластары, яғни «Буревестник» (Алматы) жігіттері мен «Қуаныш» (Петропавл) қыздары өздерінің басты бәсекелестерінен тұп-тура бес ұпайдан кем жинап, іздеріне түсіп келеді.

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (ерлер)

3-ші тур (11-21 қаӊтар 2023 жыл, Павлодар)

2-тур (6-13 желтоқсан 2022 жыл, Алматы). Жеӊімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (2-10 қараша 2022 жыл, Алматы). Жеӊімпаз – «Атырау» ВК

Екі турдан кейінгі турнир кестесі

2022 ж. 14 желтоқсаннан – 2023 ж. 11 қаӊтарға дейінгі жағдай

Табл-1.png

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

2-айналым, 3-тур (21-28 қаӊтар 2023 жыл, Өскемен).

1-айналым (16 қараша – 27 желтоқсан 2022 жыл, Петропавл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Алтай»

1-айналым, 2-тур (20-27 желтоқсан 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Алтай» – (10 ойын, 30 ұпай)

1-айналым, 1-тур (16-22 қараша 2022 жыл, Петропавл). Жеӊімпаз – «Алтай» – (5 ойын, 15 ұпай)

1-айналымнан (екі турдан) кейінгі турнир кестесі

2022 ж. 28 желтоқсаннан – 2023 ж. 21 қаӊтарға дейінгі жағдай

Табл-2.png

Жоғары дивизиондағы, ерлер арасында да, әйелдер арасында да бірінші турдан кейін көш бастаған үздіктер, яғни «Жетісу-Жастар» (Талдықорған) және «Шымкент» ВК ұжымдары екінші турдан кейін де турнир кестесіндегі орындарын сақтап қалды. Олардың бәсекелестері мен қарсыластырының енді бір айдан астам уақытта ойын өрнектерін жетілдіре түсуге болатын мүмкіндіктері бар. Осы екі дивизиондағы үшінші турдың ойындары ақпан айында өтеді.

ҚР чемпионаты – 2022/23.

Жоғарғы лига (ерлер)

3-тур (ақпан 2023 жыл)

2-тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

Екі турдан кейінгі турнир кестесіндегі жағдай

Табл-3.png

ҚР чемпионаты – 2022/23.

Жоғарғы лига (әйелдер)

3-тур (10-17 ақпан 2023 жыл. Орал)

2-тур (11-16 желтоқсан 2022 жыл, Шымкент). Жеӊімпаз – «Шымкент» ВК

1-тур (12-17 қараша 2022 жыл, Шымкент). Жеӊімпаз – «Шымкент» ВК

Екі турдан кейінгі турнир кестесі

Табл-4.png

Сондай-ақ, ақпан айында Ұлттық лиганың фарм-клубтары да өз додаларын жалғастырады. Мұнда, ерлер арасында «Тараз-2», ал әйелдер арасында «Алтай-4» жігіттері көш бастап келеді. Басқа дивизиондармен салыстырғанда, мұндағы көшбасшылардың өздері де арқаларын кеңге сала алмайды. Қапелімде сүрініп кетсе, бәсекелестері алдын орап кетуге әзір тұр.

ҚР чемпионаты – 2022/23.

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

3-тур (18-27 ақпан 2023, Орал).

2-тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

1-тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

Екі турдан кейінгі турнир кестесі

Табл-5.png

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23.

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

2-айналым, 3-тур (ақпан 2023 жыл)

1-айналым (05-17 желтоқсан 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4»

1-айналым, 2-тур (12-17 желтоқсан 2022 жыл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4» (10 ойын, 29 ұпай)

1-айналым, 1-ші тур (05-11 қараша 2022 жыл, Петропавл). Жеӊімпаз – «Алтай-4» (5 ойын, 15 ұпай)

Бірінші айналымнан кейінгі турнир кестесі

Табл-6.png

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика