Главная / Высшая лига U-23 / Жастар лигасында Жоғарғы – бәсекелестік те жоғары chempionat-rk

Жастар лигасында Жоғарғы – бәсекелестік те жоғары

21/02/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

3-тур (23 ақпан – 02 наурыз 2023, Орал)

Ұлттық лигада клубтарының негізгі құрамдары төртінші турды аяқтай салысымен, олардың фарм-клубтары алаңға шығып, Орал төрінде Жастар лигасындағы үшінші турды бастайды. Бұл дивизиондағы ұжымдардың жаңажылдық каникулы екі айды жуықтады.

2022 жылдың аяғында Атырау мен Петропавлда өткен екі турдың қорытындысы , бұл Лигада «Тараздың» фарм-клубы көш бастап келеді. «Буревестник» клубының қосалқы құрамы олардан бір ұпай кем жинап, өкшесін басып келеді. Ал «Атырау-2» ВК жігіттерінің – бір жеңісі кем.

Осы дивизионның былтырғы маусымдағы жеңімпазы, яғни «Алтай-2» командасы көшбасшыдан 4 ұпай айырмасымен кейін қалып, әзірше төртінші орында тұр. Өздеріңіз де байқап отырғандай, қоржындарындағы ұпайларына байланысты, бірінші төрттіктегі ұжымдардың өте тығыз орналасқандықтары сондай, қайсысы сүрінсе де, турнир кестесінде көп өзгеріс болады.

Оралдағы турдың күнтізбесі бойынша, осы аптаның аяғына дейін, яғни үшінші турдағы жалқы демалыс күніне шейін, көш басындағы үштік бір-бірімен кездесіп үлгереді. Жұма, сенбі және жексенбі күндері «Тараз» ВК алматылықтармен, атыраулықтармен және өскемендіктермен додаға түседі. Ал дүйсенбідегі демалыс күні қарсаңында «Буревестник-2» және «Атырау-2» ВК жігіттері кездеседі.

Ұзақ уақытқа созылған демалыс кезінде қызықты доп додасын сағынған жастар Орал төрінде өз қабілеттерін толықтай паш етіп, өрнекті ойын үлгісін көрсетеді, ал жанкүйерлер алаңдағы тартысты және шиеленісті ойындардың куәсі болады деп үміттенеміз. Үшінші тур наурыздың екінші жұлдызына дейін созылады.

Үшінші турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады. Тек соңғы, яғни 2 наурыз күнгі ойындар уақыты өзгеретін болады.

======================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз

«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын

«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын

«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын

«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын

«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын

«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын

«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы

======================================================

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

======================================================

3-тур (23 ақпан – 02 наурыз 2023, Орал)

Орал. «ОЖСШМ» с/з

* жергілікті уақытпен (+1 сағат Астана уақытымен)

* 27 ақпан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

21 02 ЖЛЖ тк.png

21 02 ЖЛЖ он.png

23 ақпан (бейсенбі)

(10:00) «Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Атырау-2» ВК – «Ұшқын-2»

(15:00) «Алтай-2» – «Есіл СК-2»

(17:30) «Буревестник-2» – «Жайық-2»

24 ақпан (жұма)

(10:00) «Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2»

(12:30) «Ұшқын-2» – «Алтай-2»

(15:00) «Тараз-2» ВК – «Буревестник-2»

(17:30) «Жайық-2» – «Атырау-2» ВК

25 ақпан (сенбі)

(10:00) «Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Атырау-2» ВК – «Тараз-2» ВК

(15:00) «Есіл СК-2» – «Ұшқын-2»

(17:30) «Алтай-2» – «Жайық-2»

26 ақпан (жексенбі)

(10:00) «Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2»

(12:30) «Тараз-2» ВК – «Алтай-2»

(15:00) «Буревестник-2» – «Атырау-2» ВК

(17:30) «Жайық-2» – «Есіл СК-2»

28 ақпан (сейсенбі)

(10:00) «Алтай-2» – «Буревестник-2»

(12:30) «Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК

(15:00) «Есіл СК-2» – «Тараз-2» ВК

(17:30) «Ұшқын-2» – «Жайық-2»

01 наурыз (сәрсенбі)

(10:00) «Тараз-2» ВК – «Ұшқын-2»

(12:30) «Буревестник-2» – «Есіл СК-2»

(15:00) «Атырау-2» ВК – «Алтай-2»

(17:30) «Павлодар-2» ВК – «Жайық-2»

02 наурыз (бейсенбі)

(09:00) «Ұшқын-2» – «Буревестник-2»

(11:00) «Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК

(13:00) «Есіл СК-2» – «Атырау-2» ВК

(15:00) «Жайық-2» – «Тараз-2» ВК

======================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика