Главная / Высшая лига U-23 / Жас жігіттер лигасында көшбасшы – екеу chempionat-rk

Жас жігіттер лигасында көшбасшы – екеу

16/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл)

Жұма күні, 16 желтоқсанда, Петропавлда бозбалалар арасындағы Жастар лигасының екінші туры басталады.

Ұлттық лиганың фарм-клубтары арасындағы доданың бірінші турынан кейін көш басында екі команда иық тіресіп келеді. «Тараз» бен «Буревестниктің» қосалқы құрамдарын тек доп айырмалары ғана бөліп тұр. Екі команда да алты ойында жеңіске жетті. Ал екеуара матчта алматылықтар тай-брейкте басым түскен болатын. Алайда «буревестниктер» «Атырау-2» ВК ұжымынан бес партияда ұтылып қалды. Ал тараздықтар болса, керісінше, мұнайшыларды тай-брейкте тізе бүктірді. Петропавлда көшбасшылар екінші ойын күні, яғни 17 желтоқсанда тағы да әуедоп додасын қыздырады.

Әзірше «Павлодар» ВК жастары ғана жеңіске жеткен емес. Бірақ олардың құрамы тек 15 жастағы (біреуі ғана 16-ға толған) жеткіншектермен жасақталғанын ұмытпауымыз керек. Келесі жылы алғаш рет Азия U-16 чемпионаты өтетінін ескерсек, осы бозбалалардың жеткіншектер арасындағы болашақ құраманың бапкерлері көзіне түсу үшін мүмкіндіктері мол.

Екінші турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз

«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын

«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын

«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын

«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын

«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын

«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын

«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл)

Петропавл. «Виктория» СК

* Астана уақытымен

  • * 20 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні

  • * Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

15-12ЖЛТ.png

15-12ЖЛр.png

16 желтоқсан (жұма)

(10:00) «Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Буревестник-2» – «Ұшқын-2»

(15:00) «Алтай-2» – «Жайық-2»

(17:30) «Атырау-2» ВК – «Есіл СК-2»

17 желтоқсан (сенбі)

(10:00) «Ұшқын-2» – «Алтай-2»

(12:30) «Жайық-2» – «Атырау-2» ВК

(15:00) «Тараз-2» ВК – «Буревестник-2»

(17:30) «Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2»

18 желтоқсан (жексенбі)

(10:00) «Алтай-2» – «Тараз-2» ВК

(12:30) «Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК

(15:00) «Атырау-2» ВК – «Ұшқын-2»

(17:30) «Есіл СК-2» – «Жайық-2»

19 желтоқсан (дүйсенбі)

(10:00) «Тараз-2» ВК – «Атырау-2» ВК

(12:30) «Павлодар-2» ВК – «Жайық-2»

(15:00) «Буревестник-2» – «Алтай-2»

(17:30) «Ұшқын-2» – «Есіл СК-2»

21 желтоқсан (сәрсенбі)

(10:00) «Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Атырау-2» ВК – «Буревестник-2»

(15:00) «Жайық-2» – «Ұшқын-2»

(17:30) «Есіл СК-2» – «Тараз-2» ВК

22 желтоқсан (бейсенбі)

(10:00) «Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2»

(12:30) «Тараз-2» ВК – «Жайық-2»

(15:00) «Алтай-2» – «Атырау-2» ВК

(17:30) «Буревестник-2» – «Есіл СК-2»

23 желтоқсан (жұма)

(10:00) «Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Жайық-2» – «Буревестник-2»

(15:00) «Ұшқын-2» – «Тараз-2» ВК

(17:30) «Есіл СК-2» – «Алтай-2»

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика