Главная / Главные Новости / Жас қыздар арасында волейболға қызығушылық зор chempionat-rk

Жас қыздар арасында волейболға қызығушылық зор

07/04/2023

Жасөспірімдер лигасы – 2022/23

2004-2005 ж.т., 2006-2007 ж.т., 2008-2009 ж.т., 2010-2011 ж.т. және олардан кіші жеткіншектер.

ҚР чемпионаты-2022/2023

(23 маусым 2022 ж. – 31 наурыз 2023 ж.)

Қыздар

Балалар лигасындағы ҚР-2022/23 чемпионаты өткен жылғы 23 маусым күні жалауын көтеріп, 31 наурызда Талдықорған қаласында көмбесіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас волейболшылар мектептердегі каникул уақыты кездерінде, U-11 және U-18 арасындағы төрт жас шамасында, ҚВФ туы астында ел біріншілігінде сынға түсті.

Қыздар арасындағы ел біріншілігі 10 қалада өтті. Төрт рет ұйымдастырылған додаға жалпы саны 192 команда қатысты. 15-16 жас шамасындағы додада Өскеменнің «Алтай» клубы жүйесінің қыздары үстемдік құрып жүр. Ал 13-14 жас шамасында Ақтөбе қаласы мен облысының командалары тура солай басымдық танытып келеді.

Бәрінен кіші, яғни 11-12 жас шамасындағы қыздар арасында соңғы екі жеңіс Қызылорда облысының ұжымдарына бұйырды. Ал ең жоғарғы, яғни 17-18 жас шамасындағы бойжеткендер біріншілігінде керісінше, бастыпқы кезеңдерде (жаз, күз) алаң иелері жеңіске жетті – Х.А,Яссауи атындағы ХҚТУ студенттері. Әр түрлі жас шамасында Алматы және Павлодар облыстары, сондай-ақ Оралдың «Грация-KZ» командалары топ жарды.

Маусым соңына дейін қатысушы командалар саны едәуір артты. Мысалы, Жазғы біріншілікке 44 команда қатысса, ең соңғы Көктемгі біріншілікте 55 ұжым бақ сынады. Бір көңіл аударарлығы, U11- U12 және U13- U14 жас аралығындағы кішірек қыздар біріншілігіне қатысатын командалар саны – әлдеқайда тұрақты. Бұл балалар арасында волейболға деген қызығушылық бар екендігін білдіреді және қуантады.

01 (2).jpg

Көктемгі ҚРЧ (55 команда; 23-31 наурыз 2023 ж.; Талдықорған, Орал, Өскемен)

Қысқы ҚРЧ (51 команда; 05-10 қаңтар 2023 ж.; Талғар, Павлодар, Шымкент)

Күзгі ҚРЧ (44 команда; 02-07 қараша 2022 ж.; Хромтау, Ақтөбе, Түркістан)

Жазғы ҚРЧ (42 команда; 23-28 маусым 2022 ж.; Түркістан, Петропавл, Хромтау, Өскемен)

===============

Әр жас шамасындағы жеңімпаздар

Қыздар, 2004-2005 ж.т.:

Көктемгі ҚРЧ (5, Талдықорған): Жеңімпаз – «Алтай-3» ОРМБЖМ (ШҚО).

Қысқы ҚРЧ (9, Талғар): Жеңімпаз – Алматы обл.

Күзгі ҚРЧ (7, Түркістан): Жеңімпаз – Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ (Түркістан)

Жазғы ҚРЧ (4, Түркістан): Жеңімпаз – Х.А,Яссауи атындағы ХҚТУ (Түркістан)

Қыздар, 2006-2007 ж.т.:

Көктемгі ҚРЧ (9, Талдықорған): Жеңімпаз – «Алтай-4» ОРБЖМСМ (ШҚО)

Қысқы ҚРЧ (10, Павлодар): Жеңімпаз – «Алтай-4» СДБАОРММИК (ШҚО)

Күзгі ҚРЧ (8, Ақтөбе): Жеңімпаз – Павлодар обл.

Жазғы ҚРЧ (13, Петропавл): Жеңімпаз – «Алтай-3» ОРБЖМСМ (ШҚО)

Қыздар, 2008-2009 ж.т.:

Көктемгі ҚРЧ (20, Орал): Жеңімпаз – «Грация-KZ» ОРОМИМК (Орал)

Қысқы ҚРЧ (16, Шымкент): Жеңімпаз – Ақтөбе обл.

Күзгі ҚРЧ (16, Ақтөбе): Жеңімпаз – Ақтөбе-1

Жазғы ҚРЧ (13, Хромтау): Жеңімпаз – Ақтөбе обл.-1

Қыздар, 2010-2011 ж.т.:

Көктемгі ҚРЧ (21, Өскемен): Жеңімпаз – Қызылорда обл.

Қысқы ҚРЧ (16, Шымкент): Жеңімпаз – Қызылорда обл.

Күзгі ҚРЧ (13, Хромтау): Жеңімпаз – Ақтөбе-1

Жазғы ҚРЧ (12, Өскемен): Жеңімпаз – Алматы обл.

===============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика