Главная / Главные Новости / Жартылай финалдық жұптар түзілді chempionat-rk

Жартылай финалдық жұптар түзілді

22/02/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Атырауда ерлер арасындағы Ұлттық лига клубтары төртінші турдың ойындарын аяқтап, 2022/23 жылдар маусымындағы ел чемпионатының негізгі додасын қорытындылады. 21 ақпан күні соңғы турдың ойындары өтіп, плей-офф додасында кездесетін жартылай финалдық жұптар түзілді.

каз-1.jpg

Жүлделі орындарды сарапқа салатын екі жұп бұдан бір күн бұрын анықталған. Ал 5-8 орындар үшін додаға түсетін жұптар тек соңғы күнгі матчтардан соң белгілі болды. Нақтырақ айтқанда, «Ұшқын» мен «Алтай» арасындағы таңертең өткен бірінші матчтың нәтижесі барлық жұпты құрап берді.

Көкше клубы Өскемен өрендерінің 5-8 орындарды сарапқа салатын жартылай финалдық додада «Есіл СК» командасымен кездесуді қалаған ықыластарына қарсы болмай, «Алтайдан» ұтылып қалды. Егер, «Ұшқын» осы ойында жеңіске жетсе, онда келесі кезеңнің бір жұбында екеуі қайта кездесер еді.

Былтырғы 2021/22 жылдар маусымындағы ел чемпионатының дәл осы сатысында тура осылай болған. Яғни «Алтай» мен «Ұшқын» кездесіп, Өскемен клубы басым түскен. Содан болар, Көкше қырандары биыл екінші жыл қатарынан Шығыс Қазақстан әуедопшыларымен «шайқасуды» қаламады.

Өйткені, биыл оларға «Жайықпен» ойнау әлдеқайда жеңілдеу болып жүргендей. Екеуара матчтар қорытындысы бойынша ұпайлары да және жеңістері де артық – 8:4 және 3:1. Ал осы төрттіктегі екінші жартылай финалдық жұпта – тартысты тепе-теңдік (6:6 және 2:2). Павлодарда қайсысы басым болады, дөп басып айту – қиын.

Атырауда өткен турда көсіле сілтеп, жеңімпаз болған «Тараз» тарландарын бөле-жара атап өтпеу, мүмкін емес. 12 қаңтар күні, Павлодарда үшінші турдың алғашқы матчында алаң иелерінен ұтылып қалып (бұл 15 ойындағы 12-інші жеңілісі болатын), команда бірлі-жарым пендеден басқа ешкім сенбейтін ертегіні «суреттей» бастады.

Әрі небәрі қырық күннің ішінде, яғни осы уақыт аралығында өткен 13 матчта бір-ақ рет ұтылды. Сөйтіп, 12 матчта жеңіске жетіп, 34 ұпай олжалады. Осы ерен жетістіктің нүктесін сейсенбі күні, тағы да сол «Павлодар» ВК өткен матчта қойып, тай-брейкте жеңіске жетті.

Енді, әулиаталықтар, плей-офф додасының жартылай финалында ел чемпионы «Атырау» ВК жігіттерімен кездеседі. Егер базбіреулер жеңісті алдын-ала мұнайшыларға беріп отырса, оны асығыстық деуге болатын шығар. Өйткені, тараздықтар осы қарқындары мен құлшыныстарынан жаңылмаса, чемпионға финалда өте қиын болады.

каз-2.jpg

Сонымен, ел чемпионатының негізгі додасындағы, жоспарланған 112 ойынның бәрі өтті. Әр команда регламентпен бекітілген, төрт тур бағдарламасы бойынша, 28 матчтан өткізді. Алда плей-офф додалары, онда әрбір команда ең азы төрт, ал ең көбі алты матчтан өткізетін болады. Содан соң 2022/23 жылдар чемпионатының қорытындысы түзіліп, әрқайсысы өз орындарын біледі.

Тур соңында, Ұйымдастыру комитеті әр команда сапындағы үздік ойыншыларды жариялады: Олар – Роман Хандролин (№2, «Атырау» ВК), Нұрдос Алдаш (№22, «Буревестник»), Илья Морозов (№27, «Павлодар»), Александр Фоменко (№23, «Тараз» ВК), Нурислам Медетбек Уулу (№6, «Ұшқын»), Роман Фартов (№1, «Есіл СК»), Евгений Мальцев (№3, «Алтай») және Виталий Мироненко (№11, «Жайық»).

Бур-Алдаш.jpg

Есиль-Фартов.jpg

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 06 сәуір 2023 ж., Павлодар)

2022/23 жылдар маусымының негізгі додасы (02 қараша 2022ж. – 21 ақпан 2023 ж.; Алматы, Павлодар, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

4-тур (13 – 21 ақпан 2023. Атырау). Жеңімпаз – «Тараз» ВК

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Атырау, Х.Досмұхамедов атындағы АУ с/к

* 16 және 19 ақпан демалыс күндері болды

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Төрешілер: А.Ахметов, Ю.Акулова, И.Қабылбекова, А.Қалиев, Б.Сүйіндіков.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев

Бас хатшы: Б.Нұрсұлтанов

22 02 ҰЛЕ тк.png

22 02 ҰЛЕ ІІІк.png

21 ақпан

«Ұшқын» – «Алтай» – 1:3 (25-18, 18-25, 19-25, 23-25)

Төрешілер: Қалиев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 85-93. Матч уақыты: 97 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар).

«Тараз» ВК – «Павлодар» ВК – 3:2 (21-25, 25-22, 20-25, 25-17, 15-13)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 106-102. Матч уақыты: 118 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Буревестник» – 2:3 (25-23, 25-19, 18-25, 19-25, 7-15)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 94-107. Матч уақыты: 121 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Жайық» – «Атырау» ВК – 0:3 (23-25, 20-25, 15-25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Акулова. Доп айырмасы: 58-75. Матч уақыты: 76 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

20 ақпан

«Буревестник» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-16, 11-25, 16-25, 27-29)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 79-95. Матч уақыты: 101 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар).

«Алтай» – «Жайық» – 2:3 (18-25, 25-22, 25-21, 17-25, 11-15)

Төрешілер: Қалиев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 96-108. Матч уақыты: 127 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар).

«Павлодар» ВК – «Ұшқын» – 1:3 (21-25, 25-27, 25-20, 20-25)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 91-97. Матч уақыты: 101 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 0:3 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Есіл СК» – 3:0 (25-22, 25-20, 25-17)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 75-59. Матч уақыты: 84 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар).

18 ақпан

«Павлодар» ВК – «Алтай» – 1:3 (17-25, 25-23, 22-25, 19-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 83-98. Матч уақыты: 103 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Ұшқын» – «Буревестник» – 0:3 (21-25, 27-29, 16-25)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 64-79. Матч уақыты: 78 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Жайық» – 1:3 (19-25, 20-25, 25-19, 21-25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Ахметов. Доп айырмасы: 85-94. Матч уақыты: 110 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 3:1 (Алматы), 2:3 (Павлодар).

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:1 (25-20, 25-19, 25-27, 25-22)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 100-88. Матч уақыты: 121 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы), 1:3 (Павлодар).

17 ақпан

«Алтай» – «Есіл СК» – 2:3 (25-20, 21-25, 17-25, 25-22, 11-15)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова. Доп айырмасы: 99-107. Матч уақыты: 124 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 0:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Жайық» – «Тараз» ВК – 1:3 (19-25, 25-19, 16-25, 21-25)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 81-94. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 2:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 0:3 (28-30, 21-25, 22-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 71-80. Матч уақыты: 88 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Ұшқын» – 1:3 (25-21, 17-25, 21-25, 19-25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 82-96. Матч уақыты: 97 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

15 ақпан

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:0 (25-21, 25-19, 25-23)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Алтай» – 3:1 (23-25, 26-24, 25-18, 28-26)

Төрешілер: Қалиев, Ахметов. Доп айырмасы: 102-93. Матч уақыты: 124 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

«Тараз» ВК – «Есіл СК» – 3:1 (25-22, 25-14, 22-25, 25-16)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 97-77. Матч уақыты: 103 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 0:3 (21-25, 16-25, 21-25)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 58-75. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 2:3 (Павлодар).

14 ақпан

«Есіл СК» – «Ұшқын» – 1:3 (25-22, 22-25, 22-25, 20-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 89-97. Матч уақыты: 108 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 3:1 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Алтай» – «Тараз» ВК – 0:3 (16-25, 21-25, 17-25)

Төрешілер: Ахметов, Қалиев. Доп айырмасы: 54-75. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Жайық» – «Павлодар» ВК – 2:3 (19-25, 25-20, 25-18, 22-25, 11-15)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қабылбекова. Доп айырмасы: 102-103. Матч уақыты: 133 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:2 (25-20, 24-26, 25-23, 24-26, 15-13)

Төрешілер: Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 113-108. Матч уақыты: 140 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

13 ақпан

«Буревестник» – «Жайық» – 3:0 (25-18, 25-16, 28-26)

Төрешілер: Қалиев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 78-60. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Павлодар» ВК – 1:3 (26-28, 25-21, 15-25, 22-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 88-99. Матч уақыты: 119 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-23, 23-25, 20-25, 18-25)

Төрешілер: Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 86-98. Матч уақыты: 109 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:2 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Алтай» – 3:2 (22-25, 25-22, 23-25, 25-19, 15-13)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 110-104. Матч уақыты: 135 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

Атырау-Хандролин.jpg

Павлодар.jpg

Тараз-Фоменко.jpg

Ушкын.jpg

Алтай-Мальцев.jpg

Жайык-Мироненко.jpg

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика