Главная / Главные Новости / Жанкешті "Жетісу" мен айбынды "Алтай" chempionat-rk

Жанкешті "Жетісу" мен айбынды "Алтай"

24/01/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

3-тур (22-27 қаӊтар 2023 жыл, Өскемен)

Өскеменде әйелдер арасындағы Ұлттық лига додасының екінші кезеңі басталды. Екі топқа бөлінген командалар 2023жылды басынан (нөльден) бастайды, яғни биылғы маусымның 2022 жылғы бөлігінде еншілеген ұпайлары есепке алынбайды.

Бастапқы екі күнгі ойындар негізінен екі түрлі нәтижемен аяқталумен болды – бір команданың айқын басымдығымен өткен үш партиялық матчтар немесе тай-брейкке дейін ұласқан екі сағаттық тартысты додалар. Соңғысына «Жетісу» мойынсұнып алғандай. Өздерінің жетісулық жанкештіліктері мен тәжірибелеріне сүйене отырып, әрі алаң жиегінен нұсқау беріп тұрған бас баперлері Елена Павлованың әрбір маңызды сөзін қалт жібермей, әуелі «Алматыны», ал жексенбіде «Ертісті» қапы қалдырды. Осындай, шүмектеп төгілген термен келген 4 ұпайдың, деңгейі төмен командаға басымдық танытып қол жеткізген жеңістен маңызы зор, әрине.

Екінші күнгі, көпшілік көңілі ауған матч «Алтай» мен «Қуаныш» арасындағы кездесу болды. Былтырдан бері осы екі ұжым арасындағы матчтар шектен тыс шиеленісті өтіп келеді. Былтырғы маусымдағы ел чемпионы бұған дейін, бірнеше жыл бойы, жоғарыда аталған «Жетісу» аруларымен «шайқасып» келсе, қазіргі кезде олардың «сүйікті» командалары клубтық Азия чемпионы «Қуаныш» болған.

Петропавлда өткен ҚР Кубогы-2022 финалы мен Сурперкубогы-2022 матчтарын саралай отыра, Өскемен клубының бас бапкері Юрий Панченко осы екі ұжымның арасындағы бәсекелестік тарихына тереңнен бойлайтындай әсерде боламыз. Солтүстікте өткен матчтарда «Алтай» алаң иесі «Қуаныштан» әр матчта бір партиядан ұтылса, өз алаңында ешқандай мүмкіндік бермей, үстем түсті. Енді Ұлттық құрамамыздың бас бапкері Дарко Добресков плей-офф сатысына дейін «Алтаймен» тайталасуға болатын әдіс-айла табуы тиіс деп пайымдаймыз. Бірақ ол оңайға түспес.

Үшінші турдағы матчтар сағат 10:00-де, 12:30-да, 13:00-де (ДСК), 15:00-де және 17:30-да басталады

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен)

1-айналым (16 қараша – 27 желтоқсан 2022. Петропавл, Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен)

Өскемен, «Жекпе-жек» СК, ДСК

* Астана уақытымен

* 25 қаңтар – демалыс күні

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында, тікелей эфирде

* Тікелей эфир арқылы «QAZSPORT» телеарнасында (сағат 13:00-де ДСК-де өтетін матчтардан басқасы) көрсетіледі

Төрешілер: И.Қабылбекова, А.Ғұбашева, О.Саттарова, М.Шамахунов, Е.Шимин.

Бас қазы: В.Медведев

Бас хатшы: Д.Измайлов

«А» тобы: «Алтай», «Қуаныш», «Алматы» ВК, «Жетісу», «Қарағанды» ВК, «Ертіс».

«Б» тобы: «Алтай-2», «Айқаракөз», «Тұран», «Қуаныш СК», «Ару-Астана»

24 қаңтар (сейсенбі)

«Б» (13:00) «Қуаныш СК» – «Ару-Астана»

«Б» (10:00) «Тұран» – «Алтай-2»

«А» (12:30) «Қуаныш» – «Ертіс»

«А» (15:00) «Жетісу» – «Қарағанды» ВК

«А» (17:30) «Алматы» ВК – «Алтай»

«Айқаракөз» – дем алады

24 ҰЛ Ә ф.png

22 қаңтар («Алтай-2» дем алды)

«Айқаракөз» – «Ару-Астана» – 3:0 (25-13, 25-16, 25-19)

Төрешілер: Шимин, Саттарова. Доп айырмасы: 75-48. Матч уақыты: 61 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Тұран» – «Қуаныш СК» – 3:0 (25-17, 25-13, 25-22)

Төрешілер: Саттарова, Шимин, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 69 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Талдықорған).

«Қуаныш» – «Қарағанды» ВК – 3:0 (25-12, 25-14, 25-19)

Төрешілер: Қабылбекова, Шамахунов, Акулова. Доп айырмасы: 75-45. Матч уақыты: 60 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Петропавл).

«Алматы» ВК – «Жетісу» – 2:3 (27-25, 25-14, 22-25, 17-25, 12-15)

Төрешілер: Акулова, Ғұбашева, Қабылбекова. Доп айырмасы: 103-104. Матч уақыты: 121 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Алтай» – «Ертіс» – 3:0 (25-14, 25-16, 25-14)

Төрешілер: Ғұбашева, Қабылбекова, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-44. Матч уақыты: 67 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған).

23 қаңтар («Қуаныш СК» дем алды)

«Ару-Астана» – «Тұран» – 0:3 (20-25, 17-25, 16-25)

Төрешілер: Шимин, Шамахунов. Доп айырмасы: 53-75. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған).

«Алтай-2» – «Айқаракөз» – 2:3 (25-22, 22-25, 22-25, 25-15, 7-15)

Төрешілер: Саттарова, Шамахунов, Шимин. Доп айырмасы: 101-102. Матч уақыты: 120 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Ертіс» – «Жетісу» – 2:3 (25-18, 16-25, 14-25, 28-26, 13-15)

Төрешілер: Саттарова, Ғұбашева, Қабылбекова. Доп айырмасы: 96-109. Матч уақыты: 127 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған).

«Қарағанды» ВК – «Алматы» ВК – 0:3 (18-25, 16-25, 21-25)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Ғұбашева. Доп айырмасы: 55-75 Матч уақыты: 69 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған).

«Алтай» – «Қуаныш» – 3:0 (25-18, 25-15, 25-18)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова, Саттарова. Доп айырмасы: 75-51. Матч уақыты: 68 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Петропавл).

26 қаңтар (бейсенбі)

«Б» (13:00) «Алтай-2» – «Қуаныш СК»

«Б» (10:00) «Айқаракөз» – «Тұран»

«А» (12:30) «Ертіс» – «Қарағанды» ВК

«А» (15:00) «Қуаныш» – «Алматы» ВК

«А» (17:30) «Алтай» – «Жетісу»

«Ару-Астана» – дем алады

27 қаңтар (жұма)

«Б» (13:00) «Ару-Астана» – «Алтай-2»

«Б» (10:00) «Қуаныш СК» – «Айқаракөз»

«А» (12:30) «Алматы» ВК – «Ертіс»

«А» (15:00) «Жетісу» – «Қуаныш»

«А» (17:30) «Қарағанды» ВК – «Алтай»

«Тұран» – дем алады

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика