Главная / Высшая лига / Жайық «Атырау» аруларына да жат емес (+ Жоғарғы лига: Командалар құрамы) chempionat-rk

Жайық «Атырау» аруларына да жат емес (+ Жоғарғы лига: Командалар құрамы)

14/02/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал)

Оралда әйелдер арасындағы Жоғарғы лига клубтары биылғы маусымдағы үшінші турдың ойындарын бастады. Дүйсенбі күні, 13 ақпанда, аталған Лига биылғы ел чемпионатын бел ортасынан еңсеріп, дода көмебесіне бет алды.

Үшінші турдың бірінші ойын күні, яғни сенбідегі ойындар жаттығу қарқынындағыдай сипатта өтсе, жексенбіде дода көрігі қызып сала берді. Әуелі, көш басындағы «Шымкент» ВК қыздары негізгі бәсекелесі «Тараз» ВК аруларын төрт партияда тізе бүктіріп, өкшесін басқан ұжымнан жеті ұпай айырмасымен ұзай түсті. Бұл осы екі команда арасындағы бейтарап алаңда өткен бірінші кездесі еді.

Екінші ойын күні көпшілік үшін кездейсоқ нәтижемен, нақтырақ айтқанда, «Грация-KZ» командасының «Атырау» аруларынан ұтылып қалуымен аяқталды. Дүйсенбіде осы екі ұжым ел назарын тағы да өздеріне аударды. Мұнайлы өлкенің қыздары турнир кестесінде өздерінен бір саты жоғары тұрған «Ақтөбе» аруларынан алғашқы екі партияда ұтылып қалғанымен, бұдан кейін еңсе тіктеп, ойын тізгінін өз қолдарына алды да, тай-брейкте жеңіске жетті. Әрі бұл матч 2022/23 жылдар чемпионатындағы ең ұзаққа созылған ойын болды (2 сағат 16 минут).

Бір қызығы, дәл осы ойын шартты түрде биылғы біріншілікті екіге бөліп тұрған еді. Бұдан кейінгі, яғни екінші бөліктегі бірінші матч та бес сетке созылды. Алаң иелері көшбасшымен тайталасып, жанкештілік танытты. Бірақ тай-брейкте «Шымкент» ВК командасынан айлаларын асыра алмады. Сейсенбі – үшінші турдағы демалыс күні. Ал сәрсенбіде көпшілік назары ауған, орталық матч «Тараз» ВК және «Грация-KZ» қыздары арасындағы матч болады. Әрі «Атырау» аруларының «Ақтөбе» қыздарымен аралықты бір ұпайға дейін қысқартулары да ықтимал.

Үшінші турдағы матчтар жергілікті уақытпен сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де басталады.

============================================================

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

============================================================

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-ші тур (12-17 қараша 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

============================================================

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал)

Орал. ОЖСШМ СЗ

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 14 ақпан – демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфир арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: В.Медведев; Төрешілер: Т.Иісқалиев, В.Канакаев, С.Досболов; Бас хатшы: Э.Надыршина.

16 ақпан (бейсенбі)

(12:00) «Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК

(14:00) «Атырау» ВК – «Шымкент» ВК

(16:00) «Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары»

15 ақпан (сәрсенбі)

(12:00) «Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК

(14:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК

(16:00) «Тараз» ВК – «Грация-KZ»

4 02 ЖЛӘ.png

11 ақпан

«Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-18, 25-18, 25-21)

Төрешілер: Иісқалиев, Канакаев. Доп айырмасы: 75-57. Матч уақыты: 63 минуты.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Шымкент), 3:0 (Шымкент).

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25-17, 25-17, 25-21)

Төрешілер: Досболов, Иісқалиев. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 64 минуты.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Шымкент), 3:0 (Шымкент).

«Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК – 3:0 (25-18, 25-14, 25-18)

Төрешілер: Канакаев, Досболов. Доп айырмасы: 75-50. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Шымкент), 3:1 (Шымкент).

12 ақпан

«Шымкент» ВК – «Тараз» ВК – 3:1 (29-27, 20-25, 25-12, 25-18)

Төрешілер: Иісқалиев, Досболов. Доп айырмасы: 99-82. Матч уақыты: 96 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Шымкент), 2:3 (Шымкент).

«Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК – 0:3 (22-25, 18-25, 19-25)

Төрешілер: Канакаев, Искалиев. Доп айырмасы: 59-75. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Шымкент), 2:3 (Шымкент).

«Атырау» ВК – «Грация-KZ» – 3:0 (25-22, 25-22, 25-12)

Төрешілер: Досболов, Канакаев. Доп айырмасы: 75-56. Матч уақыты: 78 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Шымкент), 0:3 (Шымкент).

13 ақпан

«Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-15, 25-22, 25-19)

Төрешілер: Канакаев, Иісқалиев. Доп айырмасы: 75-56. Матч уақыты: 64 минуты.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Шымкент), 3:2 (Шымкент).

«Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК – 2:3 (25-22, 25-23, 24-26, 12-25, 10-15)

Төрешілер: Искалиев, Досболов. Доп айырмасы: 96-111. Матч уақыты: 136 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Шымкент), 3:0 (Шымкент).

«Грация-KZ» – «Шымкент» ВК – 2:3 (23-25, 25-22, 25-20, 17-25, 6-15)

Төрешілер: Досболов, Канакаев.Доп айырмасы: 96-107. Матч уақыты: 121 минута.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Шымкент), 1:3 (Шымкент).

========================================

3-турда командалар құрамына тіркелген ойыншылар

*Жақша ішінде осы турға тіркелген ойыншылары саны көрсетілген

(13) «Шымкент» ВК: №1. Асылзат Тұрғанбек (12.01.2005), №2(к). Евгения Калинова (25.03.1989), №3. Магдалена Часыгова (17.10.2004), №5. Сабина Айтмаханбет (24.01.2007), №7. Дидар Әбдіқапбар (23.06.1996), №8. Балжан Ағынаева (24.08.2001), №10.Құндызай Қалдыбекова (15.02.2001), №11. Жазира Ерәлиева (09.12.2003), №13(л). Валерия Рылова (22.11.1987), №17(л). Мерей Шыңғысова (14.03.2007), №18. Саида Аяпова (18.03.2002), №22. Анна Антонова (22.03.1999), №39. Радмила Береснева (06.06.1983).

Бас бапкер – Дидар ӘБДІҚАПБАР.

1-2 турларда команда құрамында ойнағандар: Анна Устинова (13.06.1990), Айдана Жұман (28.08.1998), Жанна Нұсқабай (20.10.2002), Аяулым Бегіматова (07.04.2004), Іңкәр Асыл (21.01.2005).

(13) «Тараз» ВК: №1(л). Әсел Ақжігітова (12.10.2006), №4. Кристина Башкатова (17.07.1988), №5. Жандира Халықова (10.09.2006), №7. Жәния Тілеубаева (14.05.1999), №9. Әдемі Қияшева (07.12.2001), №10. Аида Тілеулина (22.06.2004), №11. Алина Әлімбекова (04.09.2004), №14. Альбина Асан (14.07.2006), №15. Дарья Фалалеева (22.10.2007), №18. Қаракөз Нұрмахан (19.01.2004), №19(к). Айдана Өсер (15.02.1998), №21. Мәншүк Қожахмет (30.09.2005), №23. Ясмина Фоменко (24.08.2005).

Бас бапкер – Кристина БАШКАТОВА.

1-2 турларда: Баян Кемелова (19.12.2005).

(14) «Грация-KZ» (Орал): №1. Адэль Молдағалиева (25.04.2005), №2. Алина Қамалединова (31.08.2008), №5. Дарья Авдеева (18.03.2008), №7(л). Милана Сапарова (08.02.2004), №8. Виолетта Филиппова (29.03.2002), №9. Томирис Жаңабаева (22.04.2006), №11. Таңшолпан Оразғалиева (20.02.1998), №13. Дәмелі Сәндібекқызы (31.01.2004), №15(л). Карина Төлегенова (12.04.2005), №17(к). Диана Сапарғалиева (04.12.2004), №18. Диана Ғұбашева (18.05.1999), №19. Ұлмекен Әжгереева (22.10.1995), №20. Томирис Қайыржан (04.11.2007), №21.Күнбөбек Саясатова (09.07.2009)

Бас бапкер – Айнұр ҒҰБАШЕВА (3-турдан бастап), Айна ҒҰБАШЕВА (1-2 турларда).

1-2 турларда: Баян Серік (17.02.2007) және Айназел Кейінятова (2008).

(13) «Ақтөбе» ВК: №1. Айдана Жетесова (11.01.2007), №4(л). Алиша Кімбаева (15.08.2008), №5. Диана Берікқызы (24.06.2007), №7(к). Кристина Сорокина (18.03.2001), №8. Аягөз Аяғанова (15.08.2008), №9. Назерке Ізбасқан (28.08.2008), №10/13(л). Жанель Түрікпенова (09.11.2001), №11. Адия Қожахметова (06.11.2007), №15. Валерия Пушкарева (15.02.2007), №19. Альбина Сәбитова (21.04.2006), №20. Айша Сатыбалды (20.02.2008), №21. Камилла Қарабалина (24.10.2007), №23. Аида Жолдығалиева (28.05.2000).

Бас бапкер – Марат ИМАНҒАЛИЕВ.

1-2 турларда: Қымбат Жаржанова (03.01.2000) және Алина Айдосқызы (20.06.2007).

(13) «Атырау» ВК: №1. Шұғыла Есенғали (06.06.2003), №3(л). Әсем Жәнібекова (28.05.2003), №4(к). Дана Тәжікенова (19.04.1991), №5 Іңкәр Асыл (21.01.2005, «Шымкент» ВК-ынан), №6. Назерке Қайыржанова (30.11.2004), №7. Жанна Дәуітова (04.03.1992), №8. Назерке Талғатова (25.05.2001), №9. Фаризат Юрьева (08.08.1994), №10(л). Самал Ибраева (03.08.2002), №11. Нұрбала Нәсіпбай (16.06.2005), №12. Перизат Ақылбекова (10.02.2002), №14. Гүлдана Сембаева (15.04.2006), №17. Диана Рахымназарова (17.06.1998).

Бас бапкер – Рахметулла НҰРҒАЗИЕВ.

1-2 турларда: Айнагүл Құлахметова (01.08.1985) және Дильназ Еркен (28.06.2004).

(13) «Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): №1(к). Алина Соловьёва (30.04.2005), №2. Ирина Хрипунова (08.02.2008), №3. Алина Сұлтанова (11.09.2008), №5. Алиса Труханова (03.07.2009), №6. Алина Осипенко (15.08.2009), №7. Зарина Тілеуболғанова (12.05.2007), №8. Виктория Ким (15.01.2007), №9. Арина Ермоленко (30.04.2007), №10. Катя Котельникова (09.07.2009), №11. Ирина Никишкина (10.12.2009), №12. Анастасия Шендерова (08.09.2008), №13(л). Валерия Баранова (03.04.2009), №14(л). Полина Зяблицева (27.12.2007).

Бас бапкер – Елена НИКИШКИНА.

1-2 турларда: Әлия Құрманбекова (25.06.2007), Әсия Ғабдрахим (20.01.2008), Анастасия Захватаева (19.04.2008), Татьяна Гераськина (29.10.2008), Мария Ерошина (02.05.2009), Аида Мұқашева (27.11.2009).

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика