Главная / Главные Новости / Жағажай волейболы жаңа маусымды Таиландта бастайды plyazhnyj-volejbol

Жағажай волейболы жаңа маусымды Таиландта бастайды

13/04/2023

Азия туры-2023 (ерлер, әйелдер)

«Samila Open» AVC Beach Tour

(14-17 сәуір 2023 ж.; Сонгкхла, Таиланд)

Жұма күні, 14 сәуірде, жағажай волейболы өкілдері халықаралық және 2023-маусымын ашып, дәстүрлі «Samila Open» айдарымен өтетін Азия турында додаға түседі. Таиландтағы осы турнирде біздің елдің намысыне 2012 жылғы Қазақстан чемпиондары мен күміс жүлдегерлері қорғайды.

Самила-23.jpg

Қазақстан құрамасы «Samila Open» додасында:

(10) Дмитрий Яковлев / Сергей Богату

(16) Кирилл Гурин / Нұрдос Алдаш

(15) Лаура Қабылбекова / Надежда Иванченко

(20) Анастасия Уколова / Дана Шыңғысова

Азияның «жағажайшылары» тай елінің Сонгкхла аймағындағы Самила жағажайларына 22-ші рет жиналады. Онда Қазақ елі спортшыларын қосқанда, 11 мемлекеттен (Таиланд, Қытай, Австралия, Жапония, Жаңа Зеландия, Сингапур, Гонконг, Индонезия, Малайзия, Ванату) 24 команда ерлер арасында да, әйелдер арасында да сынға түседі.

Жұма және сенбі күндері топтық кезеңдегі ойындар өтеді. Тіпті, сенбі күні 1/8-финалы ойындарын да өткізіп шығады. Ал жексенбіге ширек және жартылай финалдық матчтар жоспарланған. Жүлделі орындар сарапқа салынатын шешуші ойындар, дүйсенбі күні, 17 сәуірде көпшілікті қызыққа бөлейді.

Қазақстан құрамасы бұл турнирге бірінші және екінші нөмірлі командаларын қосады. Атап айтқанда, ерлер арасында Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату бір жұпта, ал Нұрдос Алдаш пен Кирилл Гурин екіншісінде бақ сынайды (екі жұп та – Алматының «Буревестник» клубының ойыншылары). Әйелдер арасында ел намысын Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко («Талғар» ЖВК), сондай-ақ Анастисия Уколова мен Даной Шыңғысова («Каспий» Ақтау) қорғайды.

Былтыр, қыркүйек айында біздің қыздар «Samila Open» турниріне қатысқан жоқ-тын. Ал ерлер арасында Яковлевпен Алдаш, Богатумен Гурин жұптасып өнер көрсеткен. Алайда екі жұп та ширек финалға шыға алмай, қорытынды кестеде 9-орынды бөлісіп қайтқан.

Азия түзген ұпайлар рейтінгіне сәйкес, қазір біздің чемпиондарымыз ерлер арасында 10-ыншы, ал әйелдер арасында 15-ші болып тіркелген (бекітілген). Ал Ұлттық құрамадағы екінші нөмірлі командаларымыз 16-шы және 20-шы нөмірлермен тіркеліпті.

Өз кезегімізде, біз ел намысын қорғайтын, маусым ашар додаға аттанған командаларымызға ақ жол тілеп, Таиландтан тек жағымды хабар күтеміз.

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика