Главная / Главные Новости / Жағажай волейболы. Маусым-2022. Қорытынды plyazhnyj-volejbol

Жағажай волейболы. Маусым-2022. Қорытынды

19/01/2023

Жағажай волейболы. Маусым-2022. Қорытынды

Жағажай волейболында өнер көрсететін қыз-жігіттеріміз үшін халықаралық аренадағы былтырғы маусым ойдағыдай өтті деуге болады. Әрине, жылдағыдай әртүрлі деӊгейдегі доп додасына толы болған жоқ. Әйтсе де, аруларымыз да, жігіттеріміз де құрлық біріншіліктерінде бақ сынады. Ал 19 жасқа дейінгі таланттарымыз Азия чемпионатымен қоса Әлем біріншілігінде де додаға түсіп, сенім үдесінен шығуға тырысты.

Ерлер арасындағы жұптарымыз Азия турлары додасына екі рет қатысты. Бұл ретте, Алматыныӊ «Буревестник» ЖВК жігіттерініӊ үлестерін бөле-жара атап өтуге тиіспіз. Ел ішіндегі додалардыӊ бәрі де күнтізбелік жоспарға сай өткізілді. Өкінішке қарай, тек Талдықорған ғана жағажай додасын ұмытты. FIVB рейтингінде біздіӊ еӊ үздік жұптарымыз ерлер арасында да (Дмитрий Яковлев / Сергей Богату), әйелдер арасында да (Лаура Қабылбекова / Надежда Иванченко) екінші жүздіктіӊ соӊында тұр. 2022 жылғы маусымда Ұлттық құрамамызды Денис Ровкин басқарды.

1.jpg

ҚР Ұлттық және жастар арасындағы құрамалары 2022 жылғы халықаралық додаларда

Бас бапкер – Денис Ровкин

жаттықтырушылар – Павел Александров, Дмитрий Воробьев, Тимур Тулев

Әлем чемпионаты (U-19)-2022 (жігіттер, бойжеткендер)

(U-19 Beach Volleyball World Championship 2022) (14-18 қыркүйек 2022 ж., Измир, Түркия)

(Жігіттер) Ивайло Тодоров / Клим Рюхов: Қорытынды – 9 орын

(Бойжеткендер) Дәрия Тілеулесова / Дана Тілеулесова: Қорытынды – 37 орын

Азия чемпионаты-2022 (әйелдер)

(2022 Asian Senior Beach Volleyball Championships) (14-17 қыркүйек 2022 ж., Ройет, Таиланд)

Алина Раченко / Анастасия Уколова: 9 орын

Лаура Қабылбекова / Надежда Иванченко: 17 орын

петр.jpg

Азия чемпионаты-2022 (ерлер)

(2022 Asian Senior Beach Volleyball Championships) (14-18 қараша 2022 ж., Бендер-Аббас, Иран)

Артём Петросянц / Владислав Пустынников: 5 орын

Дмитрий Яковлев / Сергей Богату: 9 орын

Нұрдос Алдаш / Кирилл Гурин: 25 орын

юн-б-1.jpg

юн-б-2.jpg

юн-м-1.jpg

Азия чемпионаты (U-19)-2022 (жігіттер, бойжеткендер)

(4th Asian U-19 Beach Volleyball Championships 2022) (02-05 маусым 2022 ж., Ройет, Таиланд)

(Жігіттер) Ивайло Тодоров / Клим Рюхов: Қорытынды – 4 орын

(Жігіттер) Мирас Асылбек / Даниил Жигалов: Қорытынды – 5 орын

(Бойжеткендер) Лаура Қабылбекова/ Надежда Иванченко: Қорытынды – 9 орын

(Бойжеткендер) Юлия Христолюбова / Анастасия Пушинка: Қорытынды – 13 орын

як.jpg

Азия туры (ерлер)

(«Samila Open » AVC Beach Tour) (21-25 қыркүйек 2022 ж., Сонгкхла, Таиланд)

Дмитрий Яковлев / Нұрдос Алдаш: 9 орын

Сергей Богату / Кирилл Гурин: 9 орын

алдаш.jpg

Азия туры (ерлер)

(«Hamrahe Avval» AVC Beach Tour Open) (07-11 қараша 2022 ж., Бендер-Аббас, Иран)

Дмитрий Яковлев / Сергей Богату: 5 орын

Нұрдос Алдаш / Кирилл Гурин: 17 орын

Кабулбекова-Иванченко-Ровкин.jpg

ҚР XXV чемпионаты-2022

(27 мамыр-03 қазан 2022 г., Ақтау, Алматы)

Дмитрий Яковлев / Сергей Богату («Буревестник-1» Алматы): Чемпиондар

Лаура Қабылбекова/ Надежда Иванченко («Талғар-1» ЖВК): Чемпиондар

чрк.png

ҚР кубогы-2022

(18-20 шілде 2022 г., Алматы)

Алексей Кулешов / Артем Петросянц («Каспий» Ақтау): Кубок жеӊімпаздары

Алина Раченко / Анастасия Уколова («Каспий-3» Ақтау): Кубок жеӊімпаздары

предпослед.jpg

последняя.jpg

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика