Главная / Высшая лига / Үздік үштіктің арасы алшақтап кетті chempionat-rk

Үздік үштіктің арасы алшақтап кетті

20/02/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал)

Әйелдер арасындағы Жоғарғы дивизион клубтары 2022/23 жылдар чемпионатының үштен бір бөлігін артқа қалдырды. Жаңа жылдағы ойын бөлігі ақпан айында, Орал төрінде өтті.

Бұған дейінгі екі турдағыдай, үшіншісінде де биылғы біріншілігіміздің көшбасшысы, «Шымкент» ВК қыздары топ жарды. Олар маусымның 2022 жылғы бөлігінде, өз алаңында өткен екі турда, өкшесін басқан «Тараз» ВК қыздарынан төрт ұпай айырмасымен алда тұрса, енді бұл алшақтық жеті ұпайға ұлғайды. Ал чемпионат көмбесіне дейін әлі екі тур бар.

Оралдың «Грация-KZ» командасы өз алаңында өткен турға дейін көшбасшыдан тоғыз, ал «Тараз» ВК аруларынан бес ұпай айырмасымен кейін келе жатқан. Өкінішке қарай, олар бұл айырмашылықтарды өз жанкүйерлері алдында қысқарта алмады. Керісінше, 15 және 8 ұпайларға дейін ұлғайтып алды.

Турнир кестесінде үшінші және төртінші орындарға орналасқан командалар арасы да сегіз ұпайдан 12 ұпайға дейін ұлғайды. Бұл дегеніміз, үздік үштік келесі, яғни төртінші турда де-факто жүзінде анықталуы тиіс. Жалпы, алғашқы үштік қазірдің өзінде белгілі, ал төртінші орын үшін дода көрігі әлі – алда.

Оралда өткен турды Жоғары дивизионға биылғы маусымда ғана қосылған «Ақтөбе» ВК және «Атырау» ВК клубтары арасындағы бәсеке қыздыра түсті. Тур басында бұл екеуінің арасы төрт ұпай бөліп тұрған. Ал Жайық жағасында атыраулықтар оны бір ұпайға дейін қысқартты. Енді бұл екеуінің дода көрігін көктемде қалай қыздыра түсетіндіктерін көреміз.

============================================================

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

============================================================

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-ші тур (12-17 қараша 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

============================================================

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал)

* 14 ақпан демалыс күні болды

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: В.Медведев; Төрешілер: Т.Иісқалиев, В.Канакаев, С.Досболов

20 02 ЖЛӘ ткт.png

20 02 ЖЛӘ 3ткон.png

Үш турдағы ойындар нәтижесі

20 02 ЖЛӘ онут.png

11 ақпан

«Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-18, 25-18, 25-21)

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25-17, 25-17, 25-21)

«Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК – 3:0 (25-18, 25-14, 25-18)

12 ақпан

«Шымкент» ВК – «Тараз» ВК – 3:1 (29-27, 20-25, 25-12, 25-18)

«Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК – 0:3 (22-25, 18-25, 19-25)

«Атырау» ВК – «Грация-KZ» – 3:0 (25-22, 25-22, 25-12)

13 ақпан

«Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-15, 25-22, 25-19)

«Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК – 2:3 (25-22, 25-23, 24-26, 12-25, 10-15)

«Грация-KZ» – «Шымкент» ВК – 2:3 (23-25, 25-22, 25-20, 17-25, 6-15)

15 ақпан

«Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК – 3:1 (25-20, 22-25, 25-15, 25-17)

«Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК – 0:3 (14-25, 15-25, 23-15)

«Тараз» ВК – «Грация-KZ» – 3:2 (23-25, 26-28, 25-15, 25-23, 15-13)

16 ақпан

«Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК – 1:3 (21-25, 25-23, 11-25, 23-25)

«Атырау» ВК – «Шымкент» ВК – 1:3 (17-25, 7-25, 25-21, 8-25)

«Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-17, 25-16, 29-27)

========================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика