Главная / Высшая лига / Ұзаққа созылған қызықты ойындар chempionat-rk

Ұзаққа созылған қызықты ойындар

13/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент)

Дүйсенбі күні Шымкентте өтіп жатқан Жоғарғы лиганың додасы шектен тыс шиеленісті болды. Әйелдер арасындағы екінші турдың ойындары мейілінше қыза түсті.

Екі бірдей кездесуде жеңімпаз қосымша, бесінші партияда анықталды. Әуелі «қарлығаштар» лига дебютанты «Ақтөбе» ВК қыздарымен аянбай, тайталасып бақты. Іле-шала «Шымкент» ВК және «Тараз» ВК арулары жан алысып, жан берісті.

Екі ойынның нәтижесі бойынша Теміртау бойжеткендері алғашқы ұпайға қол жеткізді. Ал бұған дейін алты рет қатарынан жеңіске жеткен алаң иелері бірінші рет ұтылды. Лиганың былтырғы маусымдағы жеңімпазы «Тараз» ВК қыздары болса, шымкенттіктермен турнир кестесіндегі араларын екі ұпайға дейін қысқартты.

Сонымен қатар, екінші және үшінші орындағы командалар арасын екі ұпай бөліп тұр. Сәрсенбі күні Оралдың «грациясы» көшбасшымен додаға түседі. Әрі дүйсенбіде көп күш жұмсап, шаршаңқырап қалған «Шымкент» ВК қыздарымен тайталасып, ұпай еншілеу мүмкіндігін мүлт жібермеуге тырысатын шығар.

Екінші турдағы ойындар сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де басталады.

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

1-ші тур (12-17 қараша 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент)

Шымкент. «Отырар» АӘИУ СЗ

* Астана уақытымен

* 14 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Бас төреші: А.Кувшинов; төрешілер: А.Абдинабиев, Т.Исалиев, Ғ.Құламетов; бас хатшы: Л.Базарбаева

13 желтоқсан (сейсенбі)

(12:00) «Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК

(14:00) «Тараз» ВК – «Елисеевские Ласточки»

(16:00) «Грация-KZ» – «Шымкент» ВК

12-12 ВЛЖ.png

12 желтоқсан

«Атырау» ВК – «Грация-KZ» – 0:3 (19:25, 20:25, 15:25)

Төрешілер: Абдинабиев, Құламетов. Доп айырмасы: 54-75. Матч уақыты: 66 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 0:3 (Шымкент)

«Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК – 2:3 (25:20, 21:25, 16:25, 25:21, 10:15)

Төрешілер: Иісқалиев, Абдинабиев. Доп айырмасы: 97-106. Матч уақыты: 101 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 0:3 (Шымкент)

«Шымкент» ВК – «Тараз» ВК – 2:3 (23:25, 23:25, 25:18, 25:20, 12:15)

Төрешілер: Құламетов, Иісқалиев. Доп айырмасы: 108-103. Матч уақыты: 115 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Шымкент)

11 желтоқсан

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25:19, 25:20, 25:23)

Төрешілер: Абдинабиев, Исалиев. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Шымкент)

«Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК – 3:1 (25:22, 15:25, 25:13, 25:12)

Төрешілер: Құламетов, Абдинабиев. Доп айырмасы: 90-80. Матч уақыты: 87 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Шымкент)

«Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25:13, 25:17, 25:12)

Төрешілер: Исалиев, Құламетов. Доп айырмасы: 75-42. Матч уақыты: 49 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Шымкент)

15 желтоқсан (бейсенбі)

(12:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК

(14:00) «Тараз» ВК – «Грация-KZ»

(16:00) «Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК

16 желтоқсан (жұма)

(12:00) «Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК

(16:00) «Атырау» ВК – «Шымкент» ВК

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика