Главная / Высшая лига / Қызылордада дода қыза түседі chempionat-rk

Қызылордада дода қыза түседі

21/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

2-ші тур (21-26 желтоқсан 2022, Қызылорда)

Сәрсенбі күні, 21 желтоқсанда, ҚР чемпионатының ерлер арасындағы Жоғарғы лигасы екінші турды бастайды. 2022/23 маусымындағы ел біріншілігінің жалауы бұл жолы Қызылордада көтеріледі. Ал бірінші тур Талдықорғанда өтіп, жергілікті «Жетісу» суырылып алға шыққан болатын.

Бірінші тур ешкімді бейтарап қалдырмай, көрермендерді қызыққа бөледі. Тіпті турнир кестесіне қарап-ақ, бұл лигадағы доданың тартысты және кездейсоқ нәтижелерге толы болатындығы сезуге болады. Тек былтырғы маусымда, яғни көктемде ғана Ұлттық лигада ойнаған «Маңғыстау» сенімді ақтай алмай жүр.

Ақтаулықтар ғана әлі жеңіске жетіп көрген жоқ. Қалған бес команда бір-бірімен деңгейлес, яғни қайсы болмасын кез келген матчта жеңіске жетіп немесе ұтылып қалып, таң қалдыра алады. Ендеше, Қызылорда төріндегі дода көрігі шектен тыс шиеленісті болуы керек.

Екінші турдағы ойындар сағат 13:00-де, 15:30-да және 18:00-де басталады.

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда) 1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда)

Қызылорда. «Мұз айдыны» СК

* Астана уақытымен

* 24 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

20-ЖЛЕ Та.png

21 желтоқсан (сәрсенбі)

(13:00) «Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау»

(15:30) «Тұран» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(18:00) «Қайсар» – «Шымкент-Динамо» ВК

22 желтоқсан (бейсенбі)

(13:00) «Жетісу-Жастар» – «Тұран»

(15:30) «Маңғыстау» – «Шымкент-Динамо» ВК

(18:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Қайсар»

23 желтоқсан (жұма)

(13:00) «Тұран» – «Маңғыстау»

(15:30) «Шымкент-Динамо» ВК – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(18:00) «Қайсар» – «Жетісу-Жастар»

25 желтоқсан (жексенбі)

(13:00) «Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(15:30) «Жетісу-Жастар» – «Шымкент-Динамо» ВК

(18:00) «Тұран» – «Қайсар»

26 желтоқсан (дүйсенбі)

(13:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Жетісу-Жастар»

(15:30) «Шымкент-Динамо» ВК – «Тұран»

(18:00) «Қайсар» – «Маңғыстау»

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика